basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте  инфрақұрылым мәселесі өзекті

Қараша 3, 2020
in Жаңалықтар
0
Шымкентте  инфрақұрылым мәселесі өзекті
0
SHARES
20
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Шымкент қаласында инфрақұрылым мәселесі кезең-кезеңімен өз шешімін тауып келеді. Мәселен, шаһардағы жолдар мәселесін шешу мақсатында қала қазынасынан қыруар қаржы бөлініп, биылдың өзінде 500 шақырымға жуық жол жөнделді. Дегенмен, шешімін таппаған мәселелер де жоқ емес.

«Nur Otan» партиясының қалалық филиалы ZOOM платформасы арқылы блогерлердің қатысуымен өткізген қоғамдық тыңдауда сол мәселелер кеңінен сөз болды. Десе де, блогерлер қалада көп жылдардан бері қордаланып қалған жарық, ауыз су, жол мәселелері шешімін тапқанын жоққа шығармады.

Осы орайда, инфроқұрылым мәселесінің  келелі бөлігін алатын кәріз құбырлары да назардан тыс қалмады. Бүгінде қала аумағында жалпы 838 шақырым кәріз құбырлары бар болса, оның ішінде 168 шақырымы магистралды және 670 шақырымы ішкі орамдық жүйелер. Алайда, 73% құбырлардың тозығы жеткен. Осыған орай, қаланы кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында 17 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Осылайша, Шымкенттің кәріз жүйесімен қамтамасыз етілу деңгейі 49,1%-ды құрап отыр.

Қазіргі таңда, 140 мың адамды құрайтын 14 шағын ауданда ішкі орамдық кәріз жүйелерінің құрылысы жұмыстары басталған. Құрылыс нысандары келер жылы аяқталады деп жоспарланған.  Сондай-ақ, осы жылдың соңында мемлекет және жеке инвесторлардың қаржысы есебінен 136 көпқабатты тұрғын үйге пайдалануға беру көзделіп отыр. Аталған жұмыстар аяқталса қаланы кәрізбен қамту көрсеткіші  49,1%- дан 52,3%-ға өседі.

Айта кетейік, 2021-2022 жылдары ішкі орамдық кәріз жүйелерінің құрылысы аяқталған жағдайда қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан Шымсити, Асар-2, Достық, Тұран, Солтүстік саяжай шағын аудандары кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Тәулігіне 18-20 мың текше метр кәріз суы қосымша тазартуға қосылады.

Tags: шымкент
Previous Post

«Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында «Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті

Next Post

Әскери спортшы ефрейтор Ғұсман Қырғызбаев әлемнің үздік ТОП-10 дзюдоисттер тізіміне енді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі