basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында «Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті

Қараша 3, 2020
in Жаңалықтар
0
«Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында «Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында отырыс өтті.  Мәжіліске аталмыш қоғамдық  Кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері, қалалық «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері қатысты.

Жиынның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы  Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру болатын.

Алғаш болып сөз сөйлеген Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры Баршагүл Қашқынқызы Исабек  Ұлы даламыздың тарихынан сыр шертетін, аса маңызды еңбектің жастар арасында насихатталып, саналарына сіңіру міндеті жайлы айтты.

Одан әрі проректор: «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы қоғам санасына зор серпіліс берді. Екі бөлімнен тұратын мақаланың  алғашқысы – «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» деп аталады. Негізгі бөлім  Ұлы даланың жеті қырын айқындап береді. Сондай-ақ, Түркі әлемінің бесігі болған, Еуропа мен Азияның арасын жалғаған Қазақстан Ұлы Жібек жолын жаңғыртуды да көздеп отыр.

Қазақ даласының сулы, нулы, табиғаты да елеусіз қалмады. Мақаланың екінші бөлімі алдағы уақытқа бағыт-бағдар береді. Елбасы төл тарихымызды бағалап, жаңғыртуға арналған нақты 6 тапсырма жүктеді. Оның ішінде «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау, Түркологтардың дүниежүзілік конгресін ұйымдастыру, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу сынды тарихи әрі маңызды міндеттерді қойып отыр», –   деп сөзін жалғады.

Сондай-ақ, мәжілісте Шымкент қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесінің менеджері Арайлым Бексейітова мен  «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы «Саяси жұмыстары» бөлімінің меңгерушісі Ербол Рәбілұлы Байқонысов баяндама оқыды.

Жиын соңында шараға қатысушылар өзара пікір алмасып, мәжілісті қортындылады.

Tags: шымкент
Previous Post

Шымкент: Әл-Фараби ауданындағы 137 үйге газосигнализатор құрылғысы орнатылды

Next Post

Шымкентте  инфрақұрылым мәселесі өзекті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі