basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкентте өрттің алдын алу жұмыстары күшейтілді

Қараша 6, 2020
in Билік
0
Шымкентте өрттің алдын алу жұмыстары күшейтілді
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Былтырғы жылыту маусымында 3 өрт оқиғасы орын алды. Биылғы жылыту маусымында бұл көрсеткіш едәуір көбейіп отыр. Алайда, былтырғы және биылғы орын алған өрт салдарынан қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ.

Бұл жөнінде онлайн өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министріне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.

Қала әкімінің мәлімдеуінше, орын алған өрттің басым бөлігі жеке тұрғын үйде орын алған. Өрттің шығу себептерінің 60 пайызы электр сымдары мен құралдарын дұрыс пайдаланбауынан туындаған.

Жылыту маусымынан бастап, күнделікті төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдары және жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп, 10 мыңға жуық үйді аралып, ондағы 43 мыңға жуық тұрғындарға үгіт – насихат жұмыстары жүргізілді.  Тұрғындардың қатысуымен 47 жиын өткізілді.

Сондай-ақ, арнайы техника жұмылдырылып, дауыс зорайтқышы арқылы қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қаланың орталық көшелеріндегі LED-экрандарында, ірі сауда орындарында, өрттің алдын алу туралы әлеуметтік бейне роликтері көрсетілуде.  Бұл жұмыстарға 100-ден астам волонтер қатысып,  5 мыңнан астам тұрғындарға нұсқаулық пен ескертпелер таратылды. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 31 бірлік техника сатып алынып, төтенше жағдайлар департаментіне берілді. Департамент қызметкерлері арасында өртке қарсы жауынгерлік даярлық жұмыстары да күшейтіліп жатыр. Осы орайда,  мамандар қала тұрғындарын үйдегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Tags: 3 мегаполисМұрат Әйтеновшымкентөртті алдын алу
Previous Post

Шымкент: «Қасірет» мемориалды шатқалы көгалдандырылуда

Next Post

«Шымкент қаласының кітапханаларын дамыту және жаңғырту» бағдарламасы әзірленіп жатыр

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі