basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент: Ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі қала активімен кездесті

Қараша 6, 2020
in Қоғам
0
Шымкент: Ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі қала активімен кездесті
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Ырза Тұрсынзада және Агенттіктің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы мегаполиске жұмыс сапарымен келді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, қоғамда парасаттылық құндылықтарын  қалыптастыруды көздеген Агенттік және Штаб өкілдері қала активімен кездесті.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов төрағалық еткен жиынға Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері мен жергілікті атқарушы органдар, денсаулық сақтау саласының басшылары қатысты.

Кездесуде қала әкімі Елбасы мен Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты басымдықтар қойғанын атап өтіп, қоғам мен мемлекет игілігі үшін жемқорлықты жою бағытында бірлесе жұмыс жасау қажеттігіне тоқталды.

-Қалада жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мәселен биыл педагог мамандарын жұмысқа қабылдауға арналған hr-process порталын іске қостық. Осыған дейін оқушыларды мектепке қабылдау, балабақшаға орналастыру толығымен электронды жүйеге өткен болатын. Біз екі жол арқылы нәтижеге жетеміз. Бірі – жемқорлық әрекеттерінің орын алуына мүмкіндік бермеу болса, екіншісі салдарын түсіндіріп алдын алу. Сондай-ақ «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мемлекеттік органдардың жаңаша бағытта жұмыс жасауында тиімділігін көрсетіп отыр. Қала әкімінің аппараты және 4 аудан әкімдігінде сервистік әкімдіктер ашылып, 197 мекеме OpenSpace форматында жұмыс жасауда, – деді шаһар басшысы.

Жиын барысында ақпараттық-ағартушылық штабтың жетекшісі Ырза Тұрсынзада жемқорлықтың алдын алудағы насихаттық жұмыстар оң әсер беретінін атап өтті.

Өз кезегінде, Агенттіктің Парасаттылық департаментінің директоры Ғ.Асанұлы ақпаратқа қолжетімділікті оңтайландыру, азаматтардың мемлекеттік билікке деген сенімдерін арттыру және билік пен азаматтық қоғам арасындағы байланыстың тікелей арнасын құру мақсатында құрылған «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасымен таныстырды.

Кездесуді қорытындылаған қала әкімі Мұрат Әйтенов жемқорлықтың алдын алудағы жұмыстар жалғасын табатындығын жеткізді.

Tags: 3 мегаполисақпараттық-ағартушылық штабМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте айына 5 миллион дана медициналық бетперде шығарылады

Next Post

Шымкент: Мемлекеттік бағдарламалар тиімді жүзеге асуда

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі