basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент: Мемлекеттік бағдарламалар тиімді жүзеге асуда

Қараша 6, 2020
in Билік
0
Шымкент: Мемлекеттік бағдарламалар тиімді жүзеге асуда
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында қоян өсіру кәсібіне қызығушылық артып келеді. «Қайнарбұлақ» тұрғын алабының  тұрғыны Алексей Костылев мемлекеттік қолдаудың арқасында қоян өсіріп, кәсібін дөңгелетіп отыр.

Ол 2019 жылдың желтоқсан айында қалалық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы «Бизнес бастау» жобасының кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданған болатын. 21 күндік оқуын тәмамдап арнайы сертификатын алған ол биыл мемлекеттік грантқа құжат өткізген. Қоян шаруашылығын дамытуға негізделген бизнес жоспары комиссия тарапынан мақұлданып, тиісті грант қаражаты есеп-шотына аударылған. Алексей мемлекеттен алған қайтарымсыз қаржыға 50-ге тарта қоян мен олардың азығын сатып алды.

Қазіргі уақытта оның шаруашылығында 70-тен  астам қоян бар. Олардың дені сирек кездесетін тұқым саналады. Бүгінде кәсіпкер қояндарды етті бағытта бағуда. Кәсіп иесінің айтуынша, қоянның еті көп ауруға ем болса, жүнінен  түрлі қымбат бағалы бас киім мен сырт киім тігуге болады. Ал қоянның қиы бау-бақшаға таптырмас био өнім. Айта кету керек, Алексей бұл іспен төрт жылдан бері айналысып келеді. Алдағы уақытта аталған шаруашылықты дамытып, қоянның терісін өңдейтін істі бастауға ниеттеніп отыр.

Жалпы, Шымкент қаласы бойынша биыл 4914 адамға грант беру жоспарланса, қазіргі таңда (9 ай) 1929 азамат комиссия шешімімен грант иегері атанған.

Tags: 3 мегаполисмемлекеттік бағдарламаларМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент: Ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі қала активімен кездесті

Next Post

Шымкентте дәрігерлер резерві жасақталды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі