basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте қоғамдық кеңістік құру мақсатында 8 жоба қолға алынды

Қараша 6, 2020
in Жаңалықтар
0
Шымкентте қоғамдық кеңістік құру мақсатында 8 жоба қолға алынды
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында биыл мамыр айында «SHYMKENT» ӘКК» АҚ базасында урбанистика департаменті құрылған болатын.

Қазіргі уақытта урбанистика департаменті қаланың жан-жақты талдауы мен зерттеулерін жүргізуде даму мен өзгерісті талап ететін әлеуметтік маңызы бар учаскелерді анықтады. Бұл бағытта 8 жобаны қолға алып отыр. Атап айтқанда, 12 шағын аудандағы саябақты қалыпқа келтіру, Т.Рысқұлов көшесінде, «Север» СО ауданында (Ж. Шаяхметов көшесінен Жолан батыр көшесіне дейін) жаяу жүргіншілер қоғамдық кеңістігін құру, Жангелдин көшесіндегі «Отбасы аллеясында» Қарасу өзенінің жағалауын абаттандыру, Жайлау шағын ауданындағы «Әз Наурыз» саябағын жаңарту, Темірлан тас жолы аумағы (Қажымұқан мен Махамбет көшелерінің арасындағы сквер)  бойынша эскиздік жобалар жасалынды.

Сонымен қатар, Мәделі қожа көшесі бойындағы көпір асты кеңістігін абаттандыру мен Бәйдібек би көшесі (4 шағын аудан) бойында гастрономиялық кластерді абаттандыру жұмыстарын жүзеге асырмақ. Аталғандар негізінде эскиздік жобалар дайындалды. Одан өзге, Бәйдібек Би даңғылы бойында «Ипподром» аялдамасынан «Қайнар» аялдамасына дейін жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын құру мен Абай саябағын жандандыру мәселесі де шешімін таппақ.

Айта өтейік, Урбанистика департаментінің қызметі қаладағы қоғамдық кеңістіктердің жаңаларын құруға, барларын жақсартуға және жаңартуға бағытталған.

Previous Post

Шымкентте мемлекеттік қызмет түрлерін 100 пайыз электронды форматқа көшіруге тапсырма берілді

Next Post

Шымкент: 38 кәсіпкерге жер телімін беру жөнінде шешім қабылданды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі