basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент: 38 кәсіпкерге жер телімін беру жөнінде шешім қабылданды

Қараша 6, 2020
in Қоғам
0
Шымкент: 38 кәсіпкерге жер телімін беру жөнінде шешім қабылданды
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы қолға алынған тағы бір ауқымды жобалардың бірі – «1000 сауда нүктесі» жобасы. Жоба биылғы жылдың мамыр айында жүзеге асырыла бастады. Жобаға сәйкес қала аумағында кәсіпкерлерге байқау негізінде сауда және қызмет көрсетуге арналған киоскілер немесе дүңгіршіктер орнатуға жер телімдері беріледі.

Қазіргі таңда 38 кәсіпкерге жер телімдерін беру жөнінде комиссия шешімі шықты. Жалпы «1000 сауда нүктесі» жобасының ауқымын индустриялды жобамен салыстыруға болады. Мәселен, кәсіпкерлерге 1000 сауда нүктесі берілетін болса, қалаға кем дегенде 3 млрд. теңге инвестиция тартылды деуге болады, кем дегенде 2000 тұрақты жұмыс орны ашылмақ.

Жер телімдері кәсіпкерлерге қолайлы шарттармен ұсынылатын болады. Атап айтқанда кәсіпкер жылына шаршы метріне 21 141 теңге төлейді. Сауда нүктелерінің көлемі 6-40 шаршы метр аясында, яғни орта есеппен сауда нүктесінің бағасы жылына 400-500 мың теңгені (айына 35-40 мың теңге) құрайды. Жер учаскесін пайдалану мерзімі – 10 жыл. Кәсіпкерге қойылатын басты шарт – нысан жеңіл конструкциядан салыну қажет және кәсіп түрі бизнес-жоспарға сәйкес болуы тиіс.

Байқауға шығарылатын жер телімдері «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының ресми сайтында (www.openspk.kz) тұрақты түрде жарияланып тұратын болады (шамамен айына 1 рет). Өтінім білдіру үшін кәсіпкерлер «Shymkent Invest» кәсіпкерлерге және инвесторларға арналған үкімет» фронт-офисіне жүгіне алады.

 

Tags: 3 мегаполис38 кәсіпкергеМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте қоғамдық кеңістік құру мақсатында 8 жоба қолға алынды

Next Post

Шымкентте «SHanyraq» отбасы институтын қолдау орталығы екі айда 700-ге жуық тұрғынға қызмет көрсетті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі