basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте EcoSana сенбілік акциясының қорытынды кезеңі өтті

9 ноября, 2020
in Қоғам
0
Шымкентте EcoSana сенбілік акциясының қорытынды кезеңі өтті
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Birgemiz: Taza Alem жалпыұлттық жобасы аясында EcoSana сенбілік акциясының 6-шы қорытынды кезеңі өтті.

Тазалық шарасы Еңбекші ауданы, Маятас шағынауданы, «Бадам» су қоймасы аумағында ұйымдастырылды. Сенбілік барысында сөз алған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан аталған акция жастардың экологиялық білімін арттырып, тұрғындардың қоршаған ортаға деген мәдениеттілігін қалыптастыруға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Екі айға жуық жалғасқан сенбілік акциясына, қала белсенділері, волонтерлік ұйымдар, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі, Ақпараттық коммуникация орталығы, Қоғамдық келісім, Жастар орталығы қызметкерлері мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан құралған 17 команда жасақталып, 200-ге жуық белсенді жас қатысты.

Сондай-ақ, сенбілік акциясы Абай, Еңбекші, Әл-Фараби, Қаратау аудандарына қарасты аумақтарды қамтыды. Тазалық жұмыстары Еңбекші ауданына қарасты Маятас шағынауданы, «Бадам» су қоймасы аумағында қорытындыланды. Аталған аумақ күл-қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, әлеуметтік нысандардың айналасы ретке келтірілді.

Сенбілік қорытындысы бойынша «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоғамдық қорының өкілдері 4776.2 кг қоқысты жинап, бірінші орыннан көрінді. Ал «Жас Отан» жастар қанаты 3241 кг көрсеткішімен екінші орынды, «Лига волонтеров» клубы 2429,6 кг көрсеткішімен үшінші орынды еншіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, EcoSana сенбілік акциясының соңына дейін қала аумағында жалпы 27 мың кг қоқыс жиналды.

Tags: 3 мегаполисEcoSanaМұрат ӘйтеновшымкентШыңғыс Мұқан
Previous Post

Шымкент : «Өтеміс» каналында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Next Post

Шымкентте «Әлеуметтік желі және қоғам» жобасы аясында тимбилдинг ұйымдастырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі