basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте 1 сиыр тәулігіне 24 литр сүт береді

Қараша 10, 2020
in Қоғам
0
Шымкентте 1 сиыр тәулігіне 24 литр сүт береді
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы, оның ішінде сүтті бағыттағы ірі қара өсіру қарқынды дамып, сүт өнімінің көлемі артып келеді. Өткен жылдың 9 айында сиыр сүтінің көлемі-36 987,0 тонна болса, биыл 38 259,3 тоннаға жетіп, 3,4 пайызға артты.

Бүгінде Шымкент қаласында осы бағыттағы шаруашылыққа мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіліп, кәсібін дөңгелетіп отырған шаруаның бірі Каримжан Эгамназаров. Қаладағы сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара өсіріп отырған жалғыз қожалық осы ЖК «Эгамназаров» шаруа қожалығы.

Өткен жылдың қараша айында Голландиядан әкелінген 35 бас асыл  тұқымды «Голштин» ірі қара малының аналық басынан сүт алуды бастаған қожалық биыл Венгриядан тағы 35 асыл тұқымды ірі қарамен көбейтіп отыр.

Қазір қожалықтағы 70 бас асыл тұқымды ірі қараға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, 16,1 млн. теңге субсидия берілген.

-Шеттен әкелген асыл тұқымды ірі қара малдың  көбі төлдеді. Алдағы уақытта шаруашылық қора-жайын кеңейтіп, сүтті бағыттағы мал басын көбейтуді жоспарлап отырмыз,-дейді кәсіпкер.

Заманауи технологиялармен жабдықталған фермада бір сауын сиыр тәулігіне 24 литр сүт береді. Ал қожалық жылына 600 тонна дейін сүт өндіруге қауқарлы.

 

Tags: 3 мегаполисірі қараАскар КаныбековМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте туризм менеджерлеріне семинар-тренинг өткізілді

Next Post

Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі