basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Қараша 10, 2020
in Билік
0
Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен мәжіліске қоғам қайраткерлері, ардагер журналистер, жергілікті телеарна басшылары, ақпараттық портал және баспасөз басылымдарының бас редакторлары мен журналистер қатысты.

Жиында қала әкімі ақпаратты халыққа дер кезінде жеткізудің маңыздылығы жөнінде сөз қозғады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындармен байланыс орнату барысында халыққа жедел ақпарат берудің маңыздылығын айтып, түсіндіру жұмыстарын сапалы, нәтижелі жүргізуді ерекше тапсырды. Осыған орай, 2020 жылғы 30 қыркүйекте Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесі құрылды. Кеңестің негізгі мақсаты бұқаралық ақпарат құралдары мен жергілікті атқарушы органның өзара іс-қимыл тиімділігін жоғарылату, мемлекеттік органдардың жұмысын БАҚ арқылы халыққа ашық түрде жеткізілуін қамтамасыз ету, -деді шаһар басшысы.

Кеңесте баяндамашылар күн тәртібіне сәйкес, атап айтқанда –  қала аумағындағы коронавирустық инфекцияның алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар; мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының, энергетика және коммуналдық шаруашылық,   жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының атқарған жұмыстары мен алдағы уақытта атқарылатын жоспарлар туралы өз баяндамаларын ұсынды. Мәжіліске қатысушылар өз сұрақтарын қойып, соңы жарыссөзге ұласты. Отырысты қорытындылаған Мұрат Әйтенов жиылғандарға кеңес жұмысына үлкен жауапкершілік таныту қажеттігін айтты.

Tags: 3 мегаполисБАҚМұрат Әйтеновмәжілісшымкент
Previous Post

Шымкентте 1 сиыр тәулігіне 24 литр сүт береді

Next Post

Шымкентте инвестиция көлемі 54,7 пайызға артты

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі