basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент қаласының әкімі «Royal group» холдингінің басшылығымен кездесті

Қараша 10, 2020
in Қоғам
0
Шымкент қаласының әкімі «Royal group» холдингінің басшылығымен кездесті
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Royal Group LLC» дистрибьюторлық компаниясының техникалық директоры Хан Умармен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимыл жасау, Шымкент қаласына инвестиция тарту жайы сөз болды.

Мұрат Әйтенов алпауыт компанияның қаланың туристік жобаларына қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіре отыра, оның мүмкіндіктері турасында толығырақ тоқталды.

–        Шымкент қаласы «Ескі қаланың тарихи-мәдени объектілері кешені» ТОП-50 туристік дестинациялардың тізіміне енгізілген. Яғни біздің қалаға туристердің үлкен ағыны болады деп күтілуде. Миллионнан аса тұрғыны бар Шымкент дайын инфрақұрылымы, бай табиғи және еңбек ресурстары бар Қазақстанның экономикалық дамыған қалаларының бірі. Бұл 2200 жылдық тарихы бар, Ұлы Жібек жолының жүрегінде орналасқан Қазақстанның ең көне қаласы. Бүгінгі күні қала арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансұлттық көлік дәлізі өтеді, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Бұдан басқа, қала Орталық Азия елдерінде инвестициялар, технологиялар мен зияткерлік ресурстар тартудың жаңа орталығына айналуы үшін зор әлеуетке ие екенін баса айтып өтті. Сондай-ақ, қала басшысы кездесуде «Royal Group» компаниясының қонақ үй бизнесін басқаруда көп жылдық тәжірибесін ескере отырып, шетелдік инвестор ретінде Шымкенттің туризм саласын дамытуда өз үлестерін қосуға  шақырды.

Қосымша ақпарат, Royal Group – Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) орналасқан 60 ірі және орта компаниялар холдингі. 90-жылдардың аяғында құрылған. Бас кеңсесі Абу-Даби қаласында орналасқан. Сауда, қаржыландыру, жылжымайтын мүлік, өндіріс, құрылыс, ақпараттық технологиялар, білім беру, қызмет көрсету саласы, денсаулық сақтау, қонақ үй бизнесі, бөлшек сауда және робототехника сияқты салаларда әртараптандырылған қызметпен айналысады. Шымкент қаласындағы алғашқы 4 жұлдызды қонақ үй салған.  Оның құрылысына шамамен 10 миллион доллар инвестиция салған.

Tags: шымкент
Previous Post

«Nur Otan» партиясы шымкент қалалық филиалының кезектен тыс 40-шы конференциясы өтті

Next Post

Шымкенттік 3 оқушы республикалық байқауда жеңімпаз атанды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі