Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қаладағы жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ететін мекемелердің жұмысымен танысты.
Мақсұт Пернебайұлы жұмысшылардың құқығын қорғайтын «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зертеу институты» Шымкент қаласы бойынша филиалы мен «Безопасный труд»ЖШС басшыларымен кездесіп, жұмыскерлердің құқығын күшейту керектін айтып өтті.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Біз ең алдымен жұмыскерлердің қауіпсіздігі мен құқығын басты назарда ұстауымыз керек. Олардың қажеттілігіне қарай арнайы курстардан өткізіп, біліктілігін арттыруға және үнемі жаңашылдыққа бағыт-бағдар беруіміз қажет, – деді ол.
Сонымен қатар, Мақсұт Пернебайұлы еңбек инспекциясына жеке меншік кәсіпорындарда қызмет ететін жұмысшылардың да қауіпсіздігі мен құқығын назардан тыс қалдырмауды тапсырды. Жұмыс беруші мен жұмысшы арасында қандай да бір әділетсіздік орын алған жағдайды еңбек инспекциясына немесе құқық қорғау орындарына заң аясында жүгіну керек екендігін жеткізді.