basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте қолөнер шеберлерінің көрмесі өтуде

Қараша 23, 2020
in Жаңалықтар
0
Шымкентте қолөнер шеберлерінің көрмесі өтуде
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі аясында үшінші мегаполисте қолөнер шеберлерінің көрмесі өтуде.

Бәйдібек би ескерткішінің жанындағы этно-тарихи кешенде өтіп жатқан көрмеге қаламыздағы 15-ке жуық үздік қолөнер шеберлерінің туындылары қойылған. Олардың қатарында К. Қарабдалов, Б. Бейсбеков, М.Атахан, Б. Жетпісалиев және тағы басқа да белгілі қолөнер шеберлерінің жасаған бұйымдары бар.

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының Ғылыми ағартушылықты қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Гүлшат Жақанқызының айтуынша, бұл көрменің ұлттық қолөнерімізді насихаттауға қосып отырған үлесі мол.

– 2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласы 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанғаны белгілі. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, Шымкент шаһары б.з.д. ІІ ғасырда іргесі қаланған, Ұлы Жібек жолының бір бөлігінде орналасқан, тарихы бай, шежіреге толы мәдениет ордасы. Керуен жолдар қала арқылы Шымкент қаласын ертедегі орта ғасырлық – Отырар, Исфиджаб (Сайрам), Яссы (Түркістан), Сүткент, Сығанақ, Сауран және тағы басқа аңызға айналған қалалар қоршаған. Олардың гүлденуі жоғарыда айтылған халықаралық сауда жолдарымен тығыз байланысты болған. Мінеки, бүгінгі көрме барысында қолөнер шеберлерінің туындысында қаламыздың тарихын айшықтаған ағаш және былғары бұйымдар, әшекей заттар, ұлттық музыкалық аспаптарымыз т.б. көрініс тапқан. Көрме ертең де жалғасады, – дейді Гүлшат Жақанқызы.

Айта кетейік, «Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі 2020 жылғы 22 қарашада сағат 15.00-де тарихи-мәдени кешенде (Цитадель) онлайн форматта өтеді. Іс-шара Ońtústik TV және YouTube-тағы Bridge TV арналарында тікелей эфирде көрсетіледі.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Previous Post

Шымкенттік студенттер халықаралық байқаудың лауреаттары атанды

Next Post

Шымкент: «Абай» саябағында ақын-жазушылар бейнесіндегі бойлы қуыршақтар шеруі өтті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі