basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: «Абай» саябағында ақын-жазушылар бейнесіндегі бойлы қуыршақтар шеруі өтті

Қараша 23, 2020
in Жаңалықтар
0
Шымкент: «Абай» саябағында ақын-жазушылар бейнесіндегі бойлы қуыршақтар шеруі өтті
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі аясында «Абай» саябағында поэзия және әдебиет іс-шарасы ұйымдастырылды.

Шара барысында кітапхана, цирк, зообақ, әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, Мәдениет үйі және басқа да мәдениет мекемелерінің, шығармашылық ұжымдардың қатысуымен жылжымалы театр перфоманстары, ақындар мен жазушылар, әдеби қайраткерлер бейнесіндегі бойлы қуыршақтар шеруі өтті. Онда әжелер ансамблі әннен шашу шашып, түйемен керуеншілер жүріп өтіп келген көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сондай-ақ қалалық кітапханашылар кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырмандарды жаңа әдеби туындылармен таныстырды. Шараға зиялы қауым өкілдері қатысып, жас ақындар өлең оқыды. ТМД елдерінің мәдени астанасы эстафетасын алған Душанбе қаласына Шымкенттен 2200 кітап сыйға берілмек.

Айта кетейік, «Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі 2020 жылғы 22 қарашада сағат 15.00-де тарихи-мәдени кешенде (Цитадель) онлайн форматта өтеді. Іс-шара Ońtústik TV және YouTube-тағы Bridge TV арналарында тікелей эфирде көрсетіледі.

 

Previous Post

Шымкентте қолөнер шеберлерінің көрмесі өтуде

Next Post

Шымкентте «Бастау бизнес» жобасы бойынша 2820 азамат сертификатқа ие болды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі