basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Nur Оtan»: Әлеуметтік сала біздің назарда

5 жылда 10 медициналық мекеменің құрлысы жүргізіледі

Желтоқсан 22, 2020
in Жаңалықтар
0
«Nur Оtan»: Әлеуметтік сала біздің назарда
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін сайлау науханының 12-ші күні. Осыған орай бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары  Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында жалғасын тапты. Ұжыммен өткен  кездесуде мәжіліс депутатығына үміткер Жадыра Таңатарова, қалалық маслихат депутаттығына үміткерлер  Айжан Наймбекова, Гуляим Шунгараева «NurOtan» партиясының сайлау алды бағдарламасын таныстырды. «Nur Otan» партиясының басты құндылығы — адам, оның жайлы және бақуатты өмір сүруі мен денсаулығы. Қазіргі күрделі жағдайда бұл айрықша маңызға ие. Пандемияға байланысты күрделі эпидемиологиялық ахуал кезеңінде медицина саласына түскен ауыртпалық 2 есеге артты. Стационарлар мен провизорлық орталықтардағы төсек орындардың 96 пайызы науқастармен толды. Бұл өз кезегінде медицина саласына ерекше көңіл бөлу қажет екенін көрсетті. Осы мақсатта, алдағы 5 жылдық  партияның бағдарламасында Шымкент қаласы бойынша жедел медициналық жәрдем станциясы толық жаңартудан өтеді. Сондай-ақ, 2023 жылы шетелдік заманауи техникамен жабдықталған  1 000 орындық көпсалалы аурухана халықтың игілігіне беріледі. Жалпы, медициналық нысандар тапшылығын шешу мақсатында алдағы 5 жылда 10 медициналық мекеменің құрылысы жүргізіледі.

Алдағы 5 жылда 42 мектептің құрылысы жүргізіледі

Сонымен қатар жиында үміткерлер білім саласындағы өзгерістерге тоқталды. Саналы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздың біліктілігі маңызды рөл атқарады. Партия осы бағытта кешенді жоспарларды жүзеге асыруға күш салады. Осы мақсатта, мектеп тапшылығын жою мақсатында алдағы 5 жылда 42 мектептің құрылысы жүргізіледі. Сонымен қатар, 24 мектеп, 3 интернат, 1 колледж және 13 балабақша күрделі жөндеуден өтеді. 2021 жылы «жан басына қаржыландыру» бағдарламасы бойынша 400 орындық 1 мектептің құрылысы жүргізіліп, қолданысқа беріледі. Нәтижесінде 19 үш ауысымды мектептердің мәселесі толық шешіледі. Оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2020-2021 оқу жылында мектептерге 15 075 дана компьютер, 18 000 дана партаға қаржы бөлінеді. 17 мектепке спорт алаңдары және 36 мектептер ішкі әжетханалармен қамтылады. Айта кетейік, Шымкент қаласының сайлау алды бағдарламасы да праймериз кезеңінде тұрғындардан түскен ұсыныстар негізінде дайындалды. Нақтырақ айтқанда қала тұрғындарынан келген 685 ұсыныстың 98 пайызы NurOtan партиясының сайлау алды бағдарламасының негізі бағытарының біріне айналды. «NurOtan» – нақты істер партиясы! «Қиындықты еңсеріп жеңіске бірге жетеміз»

Шымкент қаласындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Tags: «NUR OTAN»«Nur Otan» партиясышымкент
Previous Post

Нұр Отан партиясының мақсаты (видео)

Next Post

«Nur Otan» - нақты істер партиясы!

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі