basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

«Nur Otan» – нақты істер партиясы!

Желтоқсан 23, 2020
in Cаясат
0
«Nur Otan» – нақты істер партиясы!
0
SHARES
48
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Nur Otan» партиясынан Шымкент қалалық мәслихатқа үміткер Баходир Салимов  «АМИР – А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  еңбек  ұжымымен  кездесу  өткізді.  Кездесу барысында ұжымды партиямыздың бағдарламасындағы  халықтың  жағдайын  жақсартуға және қаламыздың дамуына бағытталған негізгі  10 бағытымен толық  таныстырды. Сондай-ақ,  аталған  бағыттар  аясында  алдағы 5 жыл  көлемінде жүргізілетін жұмыстарды да атап өтті.

«Nur Otan» партиясы жаңа өндіріс орындарының ашылуына және лайықты жалақысы бар тұрақты жұмыс орындарының көбеюіне күш салады.

Партия – алдағы 5 жылда қаламыздың экономикалық әлеуетін жақсарту мақсатында инвестиция көлемі 118 млрд. теңгені   құрайтын 23 кәсіпорын мен 62 жобаны жүзеге асырады.

Сонымен қатар көлік логистикалық және агроиндустриалды аймақтары іске қосылады. Тұрғындардың сапалы өмір сүруі үшін орташа жалақы 200 мың теңгеге дейін артатын болады.

Бес жылда Шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2,5 млрд АҚШ долларын құрайтын 15 жоба іске асырылады. Нәтижесінде қаламызда 80 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 236  инвестициялық жобаларды іске асыруға 45,3 млрд.теңге бөлініп, 9 мыңнан астам жұмыс орындары ашылады, оның 47 пайызы жұмыспен қамту органдары арқылы тіркеуге алынған азаматтар жолданатын болады. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан 4,9 пайызға дейін төмендетуді жоспарлап отырмыз.

Кездесу барысында еңбек ұжымы тарапынан өздерінің көкейде жүрген сауалдары қойылды. Сұрақтар мен мәселелердің басым бөлігі: көлік кептелісі, пәтер мәселесі, коммуналды қызметтердің бағасының өсуі кәсіпкерлікті дамыту бойынша бағдарламалар жайында ақпараттың аздығы сынды мәселелері төңірегінде болды

-Халқымызда «үйі жоқтың күйі жоқ» деген аталы сөз бар. Сондықтан тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне партия ерекше мән беріп отыр. Алдағы 5 жылда 3 миллион шаршы метр  баспана немесе 47 мың пәтер салынып, 3,5 мыңнан астам  әлеуметтік әлсіз топтағы отбасылар  баспанамен қамтылады, – деді үміткер.

«АМИР – А» ЖШС  ұжымы  «Nur  Otan» партиясына  сәттілік тілеп,  өз қолдауларын білдірді . Себебі, «Nur Otan» – жалпыхалықтық қолдаудың арқасында алға қойылған мақсаттарға қол жеткізіп, мойнына алған міндеттерін толықтай орындап келе жатқан партия.

Бұл партияның алдағы уақытта атқаратын жұмыстардың бір бөлігі ғана! Партия бағдарламасында тұрғындардың лайықты өмір сүруі үшін барлық салалар қамтылып, күрмеуі қиын мәселелердің шешілу жолдары қарастырылған.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз.

«NUR ОTAN»-МЕН БІРГЕ НҰРЛЫ БОЛАШАҚҚА!

«NUR ОTAN» НАҚТЫ ІСТЕР ПАРТИЯСЫ!

«Nur Otan»-ға дауыс бер!

Шымкент қаласындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Tags: 3 мегаполис«Nur Otan» партиясыБахадыр НарымбетовМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

«Nur Оtan»: Әлеуметтік сала біздің назарда

Next Post

Әлеуметтік саланы дамыту

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі