Бүгінгі кездесу Шымкент қалалық №2 көппрофилді ауруханасында өтті. Кездесуді Шымкент қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер Сейтов Марат, Қуандық Сұлтанғали, Ашимова Жасмин, Сүлейменов Қайрат, Шунгараева Гуляим орталық қызметкерлеріне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Nur Otan партиясының сайлау алды бағдарламасында айтылып өткендей, медицина саласында көптеген мәселелерді шешу оң жолға қойылмақ.
Жаңа мамандарды даярлау, оқуды халықаралық стандартқа сай өткізу, медицина қызметкерлерін оның ішінде балалар дәрігерлерін қоса алғанда нақты салаға бейімделген қызметкерлерді даярлауға арналған гранттар санын арттыру партия мақсаты. Сондай-ақ, медицина саласында қызмет атқарып жүрген азаматтардың жалақысын арттыру туралы да партияның бағдарламасында бекітілген.
Қала тұрғындарының денсаулық сапасын жақсартып, халықтың өмір сүру ұзақтығын 74,6-дан 77,4 жасқа дейін ұзарту мақсатында келесі шаралар қолға алынбақ:
Біріншіден,
Жедел медициналық жәрдем станциясы толық жаңартудан өтеді;
Қаланың медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылады (өкпені жасанды винтилляциялау аппараттары, пульсоксиметрлер, КЩС анализаторлары, «Бобров» аппараттары, пациенттің мониторлары, шприцті сорғы, электрокардиографтар, флюорографтар және т.б. сатып алынады);
2023 жылы шетелдік заманауи техникамен жабдықталған
1 000 орындық көпсалалы аурухана халықтың игілігіне беріледі;
Медициналық нысандар тапшылығын шешу мақсатында алдағы 5 жылда 10 медициналық мекеменің құрылысы жүргізіледі:
2021 жылы – 2;
2022 жылы – 3;
2024 жылы – 2;
2025 жылы – 3.
2023 жылға дейін қаланың шет аймақтарында 12 дәрігерлік амбулаториялар салынады. Атап айтқанда: Шаңырақ, Тассай, Тәжірибе, Қызылсай, Достық, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Жиделі, Қайнарбұлақ, Асар-2, Қызылсу, Бадам-2 шағын аудандарында бой көтереді;
2020-2021 жылдары №1 емхана, №2-ші аурухана, қалалық перзентхана және «Ана мен бала» орталығы күрделі жөндеуден өтеді;
2024 жылға дейін қаладағы 36 медицина мекемесінің материалдық-техникалық базасы жаңартылады.
Екіншіден,
Медицина қызметінің сапасын арттыру мақсатында жыл сайын медицина саласындағы кадрлардың 30 пайызын қамтып, Израиль, Германия, Ресей, Литва елдерінің жетекші мамандарымен шеберлік-класстар өткізіледі;
Кардиологиялық орталық «Ұлттық ғылыми кардио-хирургиялық орталықтың» басқаруына беріліп, алғаш рет жүрекке трансплантация оталары жасалады;
2021 жылы қатерлі ісік ауруларын емдеу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында позитронды-эмиссиондық томография іске қосылады;
2021 жылы бедеулікті емдеу үшін «Репродуктивті медицина институтының Шымкент қалалық филиалы» ашылады. Бұл өз кезегінде, жыл сайын 500-ден астам азаматты қаламызда емдеуге мүмкіндік береді;
2021-2025 жылдар аралығында қарттардың жағдайын жасау мақсатында 4 «Өмір сапасын ұзарту орталығы» салынады;
«Симуляциялық орталығы» қызметі сапалы түрде жүзеге асырылады;
Шұғыл медициналық көмек қызметі жаңғыртылып, «кешенді медициналық ақпараттық жүйесі енгізіледі.
Шара соңында ел денсаулығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтар Nur Otan-ды қолдайтындарын жеткізді!
Шымкент қаласындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.