basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: РЫСҚҰЛОВ–ҚОНАЕВ ҚИЫЛЫСЫНДАҒЫ ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ ҚАРАШАДА АЯҚТАЛАДЫ

Қаңтар 14, 2021
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: РЫСҚҰЛОВ–ҚОНАЕВ ҚИЫЛЫСЫНДАҒЫ ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ ҚАРАШАДА АЯҚТАЛАДЫ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді.

– Шымкент қаласы бойынша 2021 жылы 128 нысан, яғни, 253,1 шақырым жолда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде 109-ы орташа жөндеуден өтеді. Олардың 7-еуі – ірі магистральді, қалғаны – ішкі орамдық және бұрын жол болмаған көшелер. Сонымен қатар Рысқұлов–Қонаев қиылысындағы жолайрықтың екінші кезеңі қаңтар айының жиырмасына басталады. Құрылыстың екінші кезеңін қала әкімінің тапсырмасына сәйкес осы жылдың қараша айында аяқтау жоспарланып отыр. Ал Қонаев даңғылы 1 қыркүйекте ашылады, – деді Мақсұт Пернебайұлы.

Спикердің айтуынша, бұл кезеңде жол жабынын бұзу, инженерлік желілердің орнын ауыстыру, жер қазу, тіреу қабырғаларын бетондау, жол өткелінің құрылысы және жол жамылғысын салу жұмыстары атқарылады. Аталған құрылысты «Bazis Construction» ЖШС-і жүргізеді.

Айта кетейік, қала көшелерінде көлік кептелістерін болдырмау және жол апаттарын алдын алу мақсатында жүргізіліп отырған жолайрықтың екінші кезеңінде Қонаев даңғылы (Роял клубы тұсынан Рысқұлов көшесіне дейін) және Бәйдібек би даңғылы (Рысқұлов көшесінен Дулати көшесіне дейін) толығымен жабылады. Көлік ағыны Дулати, Қазыбек би, Байырқұм, Байтұрсынов көшелеріне бағытталады.

Еске салсақ, жолайрықтың I кезеңінде жалпы ұзындығы 3 шақырымды құрайтын инженерлік желі, 7500 м3 жер, 75 қада құю және 7 бағана орнату жұмыстары орындалды.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Previous Post

Шымкент: «Nur Otan» партиясынан қалалық мәслихат депутаттары тізімі анықталды

Next Post

Шымкент қаласының мәслихаты шаһардың даму жоспарын талқылады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі