basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте жаңа оқу жылы жаңа мектептермен толығады

Наурыз 15, 2021
in Uncategorized
0
Шымкентте жаңа оқу жылы жаңа мектептермен толығады
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 72 мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде биыл 18 732 орынға арналған 32 мектеп құрылысы жүргізіліп (мемлекет – 12, жекеменшік – 20),  жыл соңында  10 222 орынға  арналған 20 мектеп пайдалануға тапсырылады. Мемлекет тарапынан 4 мектеп,  жекеменшік 16 мектеп ел игілігіне беріледі.

Қалалық құрылыс басқармасымен салынып жатқан мектептерге келер болсақ, өткен жылдан өтпелі 1920 орындық төрт мектептің құрылысы жалғасып жатыр.

Атап айтқанда:

– Тұран шағын ауданында 1200 орындық мектептің құрылысы 2019 жылы басталған. Мердігер мекеме – «А.Р.Т.-Құрылыс» ЖШС-ы. Бүгінгі таңда қыш қалау жұмыстары – 100%, плита жабындары – 95%, шатыр жабыны – 75%, әрлеу жұмыстары – 55%-ға орындалды. Құрылыс жұмыстары толығымен шілде айында аяқталады.

– Тоғыс тұрғын алабындағы №120 мектепке 300 орындық қосымша ғимарат салынуда. Нысанның құрылысы 2019 жылы басталған.  Мердігер мекеме – «Жана Арна 2002» ЖШС-ы. Нысанда қыш қалау жұмыстары – 80%, плита жабындары – 75%, шатыр – 30%, әрлеу жұмыстары – 45%-ға орындалды.

– Сайрам тұрғын алабындағы 300 оқушыға арналған қосымша мектептің құрылысы 2019 жылы басталған. Мердігер мекеме – «Жана Арна 2002» ЖШС-ы. Нысанда қыш қалау жұмыстары – 80%, плита жабындары – 70%, шатыр – 25%, әрлеу жұмыстары – 40%-ға орындалды.

–  Сайрам тұрғын алабындағы 120 оқушыға арналған қосымша мектептің құрылысы өткен жылы басталған. Мердігер мекеме – «А.Р.Т.-Құрылыс» ЖШС-ы. Онда қыш қалау жұмыстары – 80%, плита жабындары – 70%, шатыр жабыны – 60%, әрлеу жұмыстары – 35%-ға орындалды.

Аталған білім ошақтары жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, осы жылы құрылыс басқармасымен 8 мектептің құрылысы басталмақ. Атап айтқанда, 300 орындық №46, 47 және 375 орындық №38, 80 мектептер және 1100 орындық №8 мектептің сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптаманың оң нәтижесін алды. Бұл білім нысандарына 2021 жылға құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы қаралады деп күтілуде.

Сонымен қатар, 600 орындық №45, 65, 72 мектептердің және Оқушылар сарайының жобалары әзірленіп жатыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисбілім басқармасыЖанат Тажиевашымкент
Previous Post

Шымкентте 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Next Post

Шымкентте жұмысшы жастарға берілетін пәтерлердің иелері анықталды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі