basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте өрт қауіпсіздігін түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Наурыз 15, 2021
in Қоғам
0
Шымкентте өрт қауіпсіздігін түсіндіру жұмыстары жалғасуда
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте қыс мезгілі аяқталғанымен, қалада суық ауа райы әлі де орын алуда. Тұрғындар өз үйлерін жылыту үшін газ және пеш жабдықтарын, электр жылыту құралдарын пайдаланып отыр. Жылыту құралдарын қолдануда қауіпсіздік сақталмаса салдары өрт жағдайы орын алуы мүмкін.

Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі жөнінде түсіндіру үшін Қаратау ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері жеке тұрғын үй секторын аралап, осы бағыттағы жұмысты белсенді жалғастырып отыр.

Рейд кезінде ТЖ қызметкерлері кәмелетке толмаған балалары бар отбасылардың тұрған жерлеріне ерекше назар аударды. Инспекторлар жылыту пештерін қауіпсіз пайдалану жөнінде кеңестер беріп, жылыту құралдарын пайдалану ережелерін түсіндірді. Сонымен бірге, өрт қауіпсіздігі талаптарын еске салатын жадынамалар таратты.

«Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында Қаратау ауданы ТЖ басқармасының мамандары 8 шағын ауданда профилактикалық жұмыстар жүргізіп, жеке сектордағы 1856 үйді, 47 көп қабатты үйді аралап шықты.  3-5 наурыз аралығында түсіндіру жұмысымен 7 338 тұрғын қамтылды.

Шымкент қаласының ТЖ департаменті ескертеді! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз! Өрт туындаған жағдайда «101» және «112» шұғыл қызметтеріне тез арада хабарлаңыз. Шымкент қаласы ТЖ департаментінің сенім телефоны: 8 (7252) 37-74-84.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисгазТЖ басқармасышымкентөрт қауіпсіздігі
Previous Post

Шымкент қаласының әкімі Тәжікстан елшісімен кездесті

Next Post

Шымкентте 2023 жылы көшені жарықтандыру көрсеткішін 70 пайызға жеткізу көзделуде

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі