basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 2023 жылы көшені жарықтандыру көрсеткішін 70 пайызға жеткізу көзделуде

Наурыз 15, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 2023 жылы көшені жарықтандыру көрсеткішін 70 пайызға жеткізу көзделуде
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Instagram» желісінде дәстүрлі тікелей эфирде тұрғындармен жүздесті. Қала әкімі бұл жолы көшені жарықтандыру  мәселелерін талқылады.

Қала тұрғындары осы күнге дейін көшені жарықтандыру жөнінде жиі шағымданып келген болатын. Қала әкімі көше шамдарын орнату және жарықтандыру жүйелерінің құрылысы туралы баяндап, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Мұрат Дүйсенбекұлы алдымен эпидемиологиялық жағдайдан хабардар етті. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 9 жағдай тіркелді. Бүгінгі күні қалада 1 060 төсек – орын бар (жұқпалы – 560, карантин – 500), оның 883 төсек – орны бос. Жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 177 науқас ем қабылдауда немесе толымдылығы 17%.

Жалпы Шымкентте орталық маңызға ие 747 көше бар. Өткен жылы  39 көшеге жарық жүйесі орнатылса, 4 көшеде қайта құру жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде көшені жарықпен қамту 25 пайыздан 31 пайыздан асты. Ленгір тас жолы бойындағы ескі шамдарды диодты шамға ауыстырылды. Қосымша жарық жүйесін орнатуға 161,2 млн теңге қаржы қаралып тиісті жұмыс атқарылды.

–Қазіргі таңда, шаһардағы 228 көше мен 8 саябақ, 32 гүлзар және 1026 көпқабатты тұрғын үй ауласында  43 016 дана түнгі жарық шамы жарқырап тұр.  2021-2023 жылдары көшені жарықтандыру мен оны күтіп ұстау бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  аясында 16,4 млрд теңгеге бірқатар жобалар жүзеге асырылады, – деді қала әкімі.

Жоба аясында  312 көше жарықтандырылып (Абай ауданы: 83 көше, Әл-Фараби ауданы: 42 көше, Еңбекші ауданы: 89 көше, Қаратау ауданы:  98 көше), энергия үнемдейтін LED шамдар орнатылады. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 70 пайызға жетпек.

Эфир барысында Мұрат Әйтенов, Шымкентті тұрғындар үшін қолайлы қалаға айландыру жолында көше жарықтандыру жұмыстарының маңыздылығына тоқтала келе, жобаның сапалы түрде жүзеге асырылуының басты назарда болатынын атап өтті.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспсөз қызметі

Tags: 3 мегаполисжарықтандыруМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте өрт қауіпсіздігін түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Next Post

Шымкенттіктер Көрісу күнін атап өтті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі