basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкенттіктер Көрісу күнін атап өтті

Наурыз 15, 2021
in Uncategorized
0
Шымкенттіктер Көрісу күнін атап өтті
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында Көрісу күніне орай «Наурыз: жаңа арман, жаңа үміттер» атты салтанатты іс-шара өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында ұйымдастырылған мерекелік шараға қала әкімі М.Әйтенов, зиялы қауым мен қоғамдық ұйымдар, жастар өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Барша жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтаған қала басшысы бүгінгі көрісу күнінің мағынасына тоқталып өтті.

«Қыстан аман-есен шыққан ағайын бір-біріне қонаққа барып, хал-жағдай сұрасып, бір-бірімен көріскен екен. Бұл дәстүр Қазақстанның батыс аймақтарында жақсы сақталған. Биыл елімізде Наурыз мейрамын атап өтудің концепциясы әзірленіп, мереке бүгіннен, яғни 14 наурыздан 24 наурызға дейін, 10 күн қатарынан атап өтеміз. Қазақстандағы ең жылы қала – шырайлы Шымкентіміз биылғы Наурызға ерекше дайындықпен келіп отыр. «Наурыз Шымкентте басталады» ұранының аясында бұл мерекені жылда жоғары деңгейде өткізуді жоспарлап отырмыз»,-деді М.Әйтенов.

Сонымен қатар әкім Наурыз – Шымкентте халықаралық деңгейде жыл сайын атап өтілетін, оған әлемнен туристер ағылатын мерекеге айналдыру мақсаты тұрғанын жеткізді.

Іс-шара барысында Наурыз туралы деректі фильм көрсетіліп, «Көрісу» атты театрландырылған көрініс болды. Көрісу рәсімі кезінде санитарлық талаптар сақталған. Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисКөрісу күніМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте 2023 жылы көшені жарықтандыру көрсеткішін 70 пайызға жеткізу көзделуде

Next Post

Шымкенттік кәсіпкер мемлекеттік қолдау арқылы медициналық құрал-жабдықтар алған

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі