basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Жастарды сахна өнеріне тәрбиелеп жүрген ұстаз!

16 марта, 2021
in Мәдениет
0
Жастарды сахна өнеріне тәрбиелеп жүрген ұстаз!
0
SHARES
25
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сахнада ғана емес өз дарынын облыстық, қалалық мерекелік   шараларда  жүргізуші және диктор, сонымен қатар сахналық қойылымдар қоюмен жастарды сахна өнеріне  тәрбиелеуде аянбайтын шебер Еркінбек Шымырқұлов жайында айтып өтсек артық болмас.

Еркінбек Өксікбайұлы 1986 жылдан бері Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма  театрында әртіс  болып қызмет атқарып келеді. Cахна шебері осы күнге дейін: Ш.Құсаиновтың «Алдар көсесіндегі» — Шораяқ, М.Әуезовтің «Абайында» — Айдар, «Еңлік — Кебегінде» — Кебек, Б.Әбілдаевтың «Айша  бибісінде» — Арыстан, Т.Рысқұловтың 10 жылдығына байланысты Ш.Мұртазаның «Сталинге хатында» — Тұрар Рысқұлов, И.Сапарбайдың  «Әмір Темірінде» — Арғұн,  Ә.Тауасаровтың «Арманшыл  қызындағы» — Болат сынды т.б. көптеген рольдерді сомдаған дарынды тұлға.

Осынау қажырлы еңбегі елеусіз қалмай, сахна саңлағы Ә.Тауасаровтың «Арманшыл  қызындағы» — Болат ролі үшін 1988 жылы Республикалық Жастар фестивалінің лауреаты, 1994 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаталған. Ал, 2004 жылы ҚР Мәдениет қайраткері, облыстың мәдениеті мен өнерінің дамуына ерекше үлес қосқаны үшін  2008 жылдың «Ең үздік әртісі» болып танылды. Өз ісінің шебері Ғ.Мүсіреповтің «Қозы көрпеш — Баян сұлуындағы» Қодар роліне Петропавл қаласында өткен Республикалық театр фестивалінде өнер қайраткерлері, қазақ өнерінің азулы сыншылары аталған Бағыбек  Құндақбаев пен Әшірбек Сығайдан жоғары баға алған. 2014 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен наградталды.

Еркінбек Шымырқұлов көрермен жүрегінен орын ала білген, сахналық қойылымдарын жоғары бағалайтын талант иесі — Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының үлкен буын актері. Бүгінде сол киелі қара шаңырақта шынайы шеберлікпен, әрбір әрекетін әсермен жеткізіп, көпшіліктің ықыласына бөленіп, шәкірт тәрбиелеп жүр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисЕркінбек Шымырқұловтеатршымкент
Previous Post

"Наурыз Шымкентте басталады" онкүндігі жалғасуда

Next Post

Шымкенттік төреші Азия құрлығы төрешілерінің жетекшісі атағын алған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі