basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Шымкенттік төреші Азия құрлығы төрешілерінің жетекшісі атағын алған

Наурыз 16, 2021
in Спорт
0
Шымкенттік төреші Азия құрлығы төрешілерінің жетекшісі атағын алған
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бақытжан Жақсықұлов талай шәкірт тәрбиелеп, әлемдік деңгейдегі байрақты бәсекелерде төрелік жасап жүрген белгілі азамат. United World Wrestling Супервайзері (Азия құрлығы төрешілерінің жетекшісі) атағын алған алғашқы қазақстандық.

Бапкер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы болды. Республикалық жарыстарда, Азия чемпионаттарында, Халықаралық жарыстарда төрелік ету дәрежесіне сатылап жетіп, 2011 жылы әлемдегі  Халықаралық Олимпиада дәрежесіндегі 50 төрешінің қатарына енді. Олимпиада дәрежесіндегі төрешілер спорт әлеміндегі ең жоғарғы элита. Бұл дәрежеге лайықтыларды FILA  бекітеді. Демек, бұл еліміздің үлкен жетістігі, мақтанышы десек те болады. Спорттың «Грек-рим, еркін және әйелдер күрес» түрлерінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

2012 жылы өткен Лондон және Рио-2016 Олимпиадаларында төрешілік еткен.

Алғашқы қызмет жолы 1999 жылы Шымкент қаласындағы №5 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінде аға жаттықтырушы болудан басталған. Кейіннен ОҚО жекпе-жек түрлерінен жоғары спорт шеберлер мектебінің еркін күрес бөлімінің аға жаттықтырушысы болып тағайындалды.

2013 жылдан бері Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Ләззат Тәжиева атындағы №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін абыроймен атқарып келеді.

Аталған мектепте балаларды спорттың 10 түрі бойынша баулиды. Спорт ойындарынан – гандбол, волейбол, баскетбол, интеллектуалдық ойын түрлерінен – шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, жекпе-жек түрлерінен – қазақ күресі, белбеу күресі, бокс және ауыр атлетика.

Бақытжан Жақсықұлов мектепте бүгінгі таңда 848 спортшы бар, оның ішінде 1 гроссмейстер, 4 Халықаралық дәрежедегі спортшы, 21 спорт шебері, 85 спорт шеберіне үміткер, 398 әр түрлі спорттық санаттағы   спортшылар және алғашқы топтағы спортшылар  жаттығуда. Спорт мектебімізде Қазақстанға еңбек сіңірген, жоғары санаттағы және бірінші жоғарғы санаттағы жаттықтырушылар қызмет етіп жатқанын айтты.

«Төрешілік ету – қателікті кешірмейді. Себебі ол төрешінің абыройына нұқсат келтіре отыра, спортшының да сағын сындырады» дейді супервайзер.

Бүгінде бапкердің баулыған спортшылары түрлі әлемдік додаларда топ жарып жүр. «Ерен еңбегі үшін» медалімен және түрлі төс белгі, грамоталармен марапатталған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисБақытжан Жақсықұловтөрешішымкент
Previous Post

Жастарды сахна өнеріне тәрбиелеп жүрген ұстаз!

Next Post

Шымкенттегі «Металлург» стадионында құрылыс жұмыстары жалғасуда

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі