basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент қаласының әкімі кезекті тұрғындарды онлайн қабылдауын өткізді

Наурыз 17, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент қаласының әкімі кезекті тұрғындарды онлайн қабылдауын өткізді
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов карантин шараларын ескере отырып, қала тұрғындарының жеке сұрақтары бойынша онлайн қабылдау өткізді.

Қашықтықтан өткен қабылдауда шаһар тұрғындары тұрғын үй, коммуналдық сала мен әлеуметтік төлем алу мәселесін көтерді. Онға тарта қала тұрғынының өтініштерін тыңдаған Мұрат Әйтенов айтылған мәселелер қолданыстағы заң аясында қаралып, осының негізінде көмек көрсетілетінін алға тартты.

Атап айтқанда Еңбекші ауданының тұрғыны Р.Досыбаева жер телімінің қызыл сызықта екенін айтып, көмек көрсетуін сұрады. Қала әкімі аталған мәселені шешу мақсатында тиісті сала басшысына егжей-тегжейлі қарап, заң бойынша шешім шығарылуын тапсырды. Одан өзге Әл-Фараби ауданының тұрғыны М.Оңалбаева өзінің 1932 жылы туған анасына баспана беруін өтінді. Азаматшаның тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде көпбалалы отбасы ретінде осы жылы тұрғаны белгілі болды. Қазіргі таңда «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй белгіленген тәртіппен кезек арқылы берілетіні жеткізілді.

Бұдан бөлек, шаһар басшысы мемлекет тарапынан беріліп жатқан әлеуметтік көмектерді алу тәртібі мен баспана кезегіне тұру шарттарымен таныстырды. «Әрбір мәселе менің жіті бақылауымда болады» деп сөзін қорытындылады.

Сонымен қатар, алдағы мереке күндері тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, карантин ережелерін қатаң ұстану қажеттігін айтты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Шымкент: «Тілдарын» мықтыларды анықтады

Next Post

Шымкентте «Ұлттық ойын – ұрпақты шыңдайды» атты шара өтті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі