basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Ұлттық ойын – ұрпақты шыңдайды» атты шара өтті

Наурыз 17, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Ұлттық ойын – ұрпақты шыңдайды» атты шара өтті
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы ерекше. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне баса назар аударған. Ұлттық ойындар – қазақ халқының ежелгі мәдениеті мен өнері, жауынгерлік жаттығу ретінде қолданылған.

Бүгін, 17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні» аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Ұлтық ойын – ұрпақты шыңдайды» атты іс-шара өтті.

Шараның мақсаты – қазақ халқының отбасылық тәрбие ғұрыптарын қайта жаңғырту барысында жас баланың ой-өрісін ұлттық ойындар арқылы дамыту әрі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың түрлерін бүгінгі ұрпаққа насихаттау.

Бұл ретте ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні орасан зор. Шара барысында мектеп оқушыларының қатысуымен «Асық ойындары», «Арқан тартыс», «Алтыбақан», «Асаумәстек», «Мешкей» сынды түрлі ұлттық ойындар өтті. Сайысқа қаладағы №30, №59 №69 мектеп оқушылары, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің студенттері жалпы 50-ден аса жас қатысты. Нәтижесінде топ жарған жеңімпаздар алғыс хатпен марапатталып, оларға сыйлықтар табысталды.

«Бүгінгі сайыс өте қызықты өтті. Жиі-жиі ұйымдастырылса деген ниет бар. Ұлттық ойындардың ішінде біз білмейтін түрлері көп екен. Асықты жалпылама ойнаймыз ғой, ал «Асаумәстек деген ойынды бірінші рет естуім. Енді бұл жақтан білгенімді, көргенімді достарыма жеткіземін», – дейді асық ойынынан жеңімпаз атанған Мырзабай Әділет.

Айта кетейік, шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Шымкент Ақпараттық Коммуникациялық Орталық

 

Previous Post

Шымкент қаласының әкімі кезекті тұрғындарды онлайн қабылдауын өткізді

Next Post

Шымкентте «SHymkent tourism center» туристік ақпараттық орталығы ашылды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі