basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Шымкенттік боксшы қыз олимпиада чемпионы атануға ниетті

Наурыз 18, 2021
in Спорт
0
Шымкенттік боксшы қыз олимпиада чемпионы атануға ниетті
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бокс дегенде ең алдымен «ерлер айналысатын спорт» деген ой келеді. Жайна Шекербекова бұл ұғымды жоққа шығарып, спорттың осы түрінен еліміздің даңқын асқақтатқан, боксшы.

Кейіпкеріміздің спортқа қызығушылығы Шымкент қаласына келгеннен басталды. «Фемида» заң колледжінде оқып жүргенде бокс үйірмесіне барып жүрген еді. Ол 2006 жылы Қызылжар қаласында өткен ел біріншілігінің жеңімпазы  атанды. Содан әуесқой бокстың қыр-сырын меңгеруге барын салды. Осыдан кейін спортта жұлдызы жарқырады. 2008 жылы Алматыда өткен ел чемпионатына қатысып, жеңімпаз атанды. Бұл – Жайнаның бокстағы алғашқы, әрі ірі жеңісі.

Былғары қолғап иегерінің жетістіктері жетерлік. 2010 жылы Астана қаласында өткен Азия чемпионатында өзгелерден оқ бойы оза шапты. 2012 жылы Қытайда өткен Азия кубогы жарысында, 2014 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Азия ойындарында ІІ орын жеңіп алды. 2016 жылы Астана қаласында өткен Әлем чемпионатында ІІІ орын иеленді. Рио Де Жанейродағы 2016 жылы XXXI Жазғы Олимпиада Ойындарында V орынды қанжығаға байлады. 2018 жылы Делиде (Үндістан) Әлем чемпионаты ұйымдастырылып, онда ІІ орынға табан тіреді. Осы жылғы ХХХІІ-Жазғы Олимпиада Ойындарына жолдама жеңіп алуға үміткер спортшы.

Қазақстан Республикасының бес дүркін чемпионы. Бірнеше халықаралық турнирдің жеңімпазы. Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері.

Жайнаның жоғарыда келтірген жетістіктері шаршы алаң шеберінің жеңіске деген мұқалмас жігерінің арқасы. Соққысы жойқын, техникасы жетік спортшының қай кезде де тұғыры биікте.

Tags: 3 мегаполисбоксЖайна Шекербековаспортшымкент
Previous Post

Шымкентте қандастарға ұлттық құндылықтар насихатталады

Next Post

Мұрат Әйтенов : Шымкенттің мәдениет саласын республика деңгейіне көтеру қажет

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі