basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Мұрат Әйтенов : Шымкенттің мәдениет саласын республика деңгейіне көтеру қажет

Наурыз 18, 2021
in Cаясат
0
Мұрат Әйтенов : Шымкенттің мәдениет саласын республика деңгейіне көтеру қажет
0
SHARES
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті үшінші сессиясында қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттің мәдениет саласын республика деңгейіне көтеру қажет екендігін жеткізді.Сессияның күн тәртібінде қаралған 2021-2023 жылдарға арналған қала бюджетіне өзгерістер енгізу бойынша қала депутаттарының ұсыныстарын баяндаған А.Елшиева басқа өңірден мәдениет саласына мамандар мен құрал жабдықтар тарту қала экономикасына кері әсерін тигізетінін және ол бағытқа бөлінетін қаржыны инфрақұрылымға бөлу қажеттігін айтса, қала басшысы мәдениет саласын дамыту негізінде ең басты байлығымыз-адам капиталы екенін, мәдениет саласын дамытуды тұрақты қолдап отыру керектігін айтты.

«Шымкент – еліміздің үшінші мегаполисі болғандықтан мәдениет саласын Республика деңгейіне көтеруіміз қажет. Бұл салаға сол деңгейдегі мамандарды тарта отырып дамыта аламыз. Жергілікті мамандардың біліктілігі мен кәсібилігіне сенімсіздік танытпаймын. Дегенмен еліміздің мәдениет саласының дамуына үлес қосып келетін тәжірибелі азаматтардың көмегіне жүгінуге болады. Мәдениет дегеніміз бірден көтерілмейді, оны көтеруге 10-20 жыл уақыт керек. Ал, инфрақұрылым мәселесін 1-3 жылда шешуге болады», -деді қала әкімі.

Сессия отырысында қала бюджетіне өзгерістер енгізіліп, 2021-2023 жылға арналған қала бюджеті 448 млрд. теңге болып нақтыланды. Бұл қаржының басым көпшілігі шеткі шағын аудандардың инженерлік-инфрақұрылымын салуға, халықты тұрғын үймен қамтуға және денсаулық сақтау саласының материалдық базасын нығайтуға бағытталатын болады.

Tags: 3 мегаполисМұрат Әйтеновмәдениетмәслихатсессияшымкент
Previous Post

Шымкенттік боксшы қыз олимпиада чемпионы атануға ниетті

Next Post

Әскердегі арулар мектеп оқушыларымен кездесті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі