basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Әскердегі арулар мектеп оқушыларымен кездесті

Наурыз 18, 2021
in Uncategorized
0
Әскердегі арулар мектеп оқушыларымен кездесті
0
SHARES
47
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент гарнизонындағы 35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысы қызметінің ұйымдастыруымен нәзік жанды әскери қызметшілер Наурыз айының «Көрісу күні» мерекесіне арналған «Мен өз елімнің – Патриотымын!» тақырыбында  №129 жалпы орта білім беретін мектебінің «Жас Сарбаз» сыныбының тәрбиленушілерімен кездесті.

Қазіргі таңданәзік жанды арулар, ерлермен қатар қызмет атқарып, Әлия мен Мәншүк апаларымыздың ізімен жүрген нәзік жандылар аз емес.Нардың жүгін арқалап жүрген қыз-келіншектер әскердің қатаң тәртібіне төзіп, қызметте жауынгерлік міндетін абыроймен орындау арқылы көпшілікке үлгі болып келеді.

Отансүйгіш жастарды тәрбиелеудің негізі білім ордасы мектептен басталады. Осы орайда әскер қатарында жүрген арулардыңжас ұрпақты Отансүйгіштік қабілетін ояту, елімізді қорғауға қызығушылығын арттыру, Қазақстанның нағыз патриоты болып тәрбиелену мақсатындағы ұйымдастырылған бұл кездесу оқушыларға өте қызықты болды. Әскери қызметтегі аруларды өз көздерімен көріп, сұхпаттасу кеші оқушыларға ерекше әсер берді. Кездесу барысында оқушылар көкейдегі қызықты сұрақтарын қойып, тиісінше өздеріне керекті тұжырымды жауаптарын алды.

«Бауыржан атамыздың «Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деген ұлағатты сөзіне сүйене отырып,  жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру, патриоттық тәрбиеге баулу бүгінгі шараның басты міндеттерінің бірі. Біздер жас ұрпақты тәрбиелеп, оларға үлгі бола алсақертеңгі күні еліне қорған болатын, жаһандану заманында ұлтының шырағын сөндірмейтін ұлт көшбасшыларының шығары сөзсіз»,- деді қатардағы жауынгер Айдана Кенжебекова.

Шара соңында оқу орынның алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі запастағы аға лейтенант Мырзахан Сариев әскери бөлім ұжымына алғысын білдіріп, еңбектеріне толағай табыс тіледі.

2 сыныпты сержант Мақсат Жақсыбек

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисшымкентШымкент гарнизоныәскер
Previous Post

Мұрат Әйтенов : Шымкенттің мәдениет саласын республика деңгейіне көтеру қажет

Next Post

Табиғаттың байлығы – өскелең ұрпақтың игілігі

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі