Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.
Нысанына байланысты қылмыстар бірнеше түрлерге бөлінеді.
Бұл ретте, әскери мүлікті, оның ішінде қару-жарақты жымқыру әрекеті – қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарға жатады.
Сонымен, Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, әскери қызметшіөзіне сеніп берілген қаруды, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдана білуге, оның сақталуын және дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндетті.
Осындай талаптар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген,«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларында» да көзделген.
Әрбір әскери қызметші Қазақстан Республикасының қорғаушысы деген жоғары атаққа лайық болуға, Қарулы Күштердің және өз әскери бөлімінің жауынгерлік даңқын, өзінің әскери атағын құрметтеуге тиіс.
Одан бөлек, қызметтестері арасындағы жалпыәскери жарғылармен айқындалған өзара қарым-қатынас қағидалары бұзылған жағдайда әскери қызметші дереу өзіне берілген құқықтар мен міндеттер ауқымында жарғылық реттілікті орнатуға шаралар қабылдауы, өзінің тікелей бастығына, ал ерекше қажет болған жағдайда үлкен бастыққа баяндауы қажет.
Әскери қызметшілер әскери мүліктің ұрланғанын немесе бүлінгенін, ақшалай қаражаттың заңсыз жұмсалғанын, әскерлерді жабдықтауда асыра пайдалану, қару-жарақ пен әскери техниканы ұстауда кемшіліктер болғанын немесе мемлекетке залал келтіретін басқа да фактілерді анықтаған кезде ол туралы тікелей немесе үлкен басшысына жазбаша түрде баяндауға міндетті болып табылады.
Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген заңнамалар мен қағидалардың талаптары кейбір лауазымды тұлғалар мен әскери қызметшілердің тарапынан елеусіз қалдырылып, өздерімен қабылданған әскери антты бұзумен қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке, сонымен қатар әскери қызметті өткерудің белгіленген тәртібіне қарсы әрекеттер жасауда.
Бұған 2020 жылдың ақпанында орын алған Түркістан облысы Ордабасы ауданының Бадам елді-мекеніндегі 10216 «А» және «В» әскери бөлімдерінен қару-жарақ пен оқ-дәрілерді жымқыру дерегі жарқын мысал бола алады.
Бұл дерек бойынша Шымкент гарнизонының әскери қылмыстық қудалау органдарымен қылмыстық іс қозғалып, кінәлі тұлғаларға бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалып, сотталды.
Өз кезегінде, Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасыменҚазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында 2017-2021 жылдар аралығында «Әскерде қылмысқа орын жоқ» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, гарнизонда құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың жолын кесуге, сондай-ақ әскердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту мәселелеріқатысты тиісті кешенді шаралар қабылдануда.
Шын мәнінде, әскери қызметшілермен жасалатын құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларына ықпал ететін жағдай бұл – әскери бөлім командирлерімен, мекеме басшыларымен жүргізілетін алдын-алу шараларының, ведомстволық бақылаудың әлсіздігі, сондай-ақ әскери қызметшілердің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениеті деңгейлерінің төмендігі.
Осыған байланысты, әскери қызметшілердің ұлттық, психологиялық ерекшеліктерін және білім деңгейін ескереотырып, жеке құрамның оқу-жаттығу және жауынгерлік міндеттерін орындауын моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, оларда жоғары жауынгерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға, оларды қару-жарақ пен әскери техниканы игеруге және қолдануға ұдайы әзірлікте ұстау үшін, әскери мүлікті сақтау және күтіп-ұстау үшін жеке жауаптылық сезіміне тәрбиелеу керек.
Қорыта келгенде, әскери қызметшілердің жауынгерлік дағдыларын және патриоттық тәрбиесін кеңінен өрістетіп отыру қажет. Отан қорғау ұғымы әрбір азамат пен әскери қызметшінің санасында болса, әр уақытта еліміздің қорғанысы берік, мәртебесі биік, ұжданы жоғары болатынына сеніміміз кәміл.
С. Абдрахманов
Шымкент гарнизоны
әскери прокуратурасының
аға прокуроры
әділет майоры