basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент әкімі Эстония елшісімен кездесті

Наурыз 18, 2021
in Билік
0
Шымкент әкімі Эстония елшісімен кездесті
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Эстония Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Хейти Мяемеэспен кездесті. Жүздесуде Эстония мен Шымкент қаласының арасында цифрландыру және экономикалық іскерлік байланыстарды нығайту жолдары жан-жақты талқыланды.

Эстония Еуропадағы ақпараттық технологияларды дамыту бойынша көшбасшы болып табылатындығын айтқан қала әкімі цифрландыру Қазақстанмен ынтымақтастықтағы маңызды бағыт екенін алға тартты.

-Эстонияның IT компаниялары қазақстандық нарыққа қызығушылық танытатындықтан, біз екі жақты ынтымақтастыққа қуаныштымыз. Бүгінгі таңда әлемде COVID-19 тудырған қиындықтар кезінде электронды білім беру, электронды денсаулық сақтау жүйесінің шешімдері өзекті және өмірлік маңызға ие болды. Осы тұрғыда тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін шетелдіктермен жемісті қарым-қатынас орнатуды жалғастыра береміз. Шымкент – Орта Азиядағы тартымды қалалардың бірі. Мегаполис болғалы инвестиция көлемі де артып келеді. Біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесі қазақ және эстон халқының игілігі үшін жаңа жобалар болады деп ойлаймын, – деген Мұрат Әйтенов сындарлы диалогқа әрдайым дайын екендігін жеткізді.

Кездесу барысында Эстония Республикасының Елшісі екі ел Президенттері мен екі ел халықтары арасында қашан да өзара сенім мен достық қатынастың қалыптасқандығын атап өтті. Сонымен қатар, қонақтар қаладағы индустриялды аймақтарға, балық шаруашылығын дамытуға қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.

Айта кетсек, 2018 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 36 млн еуроны құрады.  2019 жылғы оның көрсеткіші  25,3 млн еуроға жеткен (экспорт – 1,9 млн.еуро, импорт – 23,4 млн. еуро).

Елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттары –  көлік және механикалық құралдар, химиялық өнімдер, минералдар, металдар, бағалы емес металдардан жасалған бұйымдар болып табылады.

Tags: 3 мегаполиселшіМұрат ӘйтеновшымкентЭстония
Previous Post

Әскери мүлікті жымқырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қатаң

Next Post

Шымкентте бос лауазымдарға үміткерлерді іріктейтін тәуелсіз комиссия құрылды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі