basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте бос лауазымдарға үміткерлерді іріктейтін тәуелсіз комиссия құрылды

Наурыз 18, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте бос лауазымдарға үміткерлерді іріктейтін тәуелсіз комиссия құрылды
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнеткерлерге қызмет көрсететін орталықтар асқан жауапкершілігі және жанашырлығы басым басшыны қажет етеді. Осыған байланысты қала басшылығының бастамасымен басшылық орындағы бос лауазымдарға үміткерлерді іріктейтін тәуелсіз комиссия құрылды. Іріктеуді әділ әрі ашық өткізу мақсатында комиссия құрамына мүгедек балаларын асыраушы аналар, қоғамдық бірлестіктердің төрағалары, БАҚ өкілдері мен азаматтық белсенділер және блогерлер енді.

Комиссия мүшелері алғашқы отырыста қаладағы 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар I-II топ мүгедектеріне қызмет көрсететін «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі мен зейнеткерлерге арналған «Асыл жүрек» әлеуметтік –медициналық орталығы» КММ-не директор лауазымдарына үміткерлермен сұхбаттасты. Тосыннан қойылған сұрақтарға кандидаттардың жауаптары мен қызметке тағайындалған жағдайда жұмыс жоспарлары егжей-тегжейлі тыңдалды. Үміткерлер қызметке тұрғаннан кейін де сынақ мерзімінен өтеді.

Отырыста тәуелсіз комиссия мүшелері кандидаттарды іріктеу тәртібіне қатысты және алдағы уақытта арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына заң шеңберінде ескертусіз тексеру ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарын білдірді. Барлық ұсыныстар негізге алына отырып, алдағы уақытта комиссия құзыретінің ауқымы кеңеймек.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Шымкент әкімі Эстония елшісімен кездесті

Next Post

2021 жылдың қыркүйегінен жоғары оқу орындары педагогтарының жалақысы өседі

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі