basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Еліміздегі алғашқы отбасылық кітапхана Шымкентте ашылды

Наурыз 20, 2021
in Жаңалықтар
0
Еліміздегі алғашқы отбасылық кітапхана Шымкентте ашылды
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласындағы Забадам шағын ауданында «Наурыз» мерекесіне орай Қазақстандағы алғашқы «Отбасылық кітапхана» ел игілігіне берілді. Бұл отбасымен бірге тиімді уақыт өткізуге және балалар демалысы үшін қолайлы жағдай жасалған «үй үлгісіндегі» жаңа форматтағы кітапхана.

Кітапхананың ерекшелігі – әдеттегі оқу орындары шеңберінен шығып, үйірме жұмыстарын жүргізу, іс-шаралар өткізу, коворкинг, қауымдастықтар мен клубтарды дамыту мүмкіндігі бар комьюнити орталықтар болып табылады, бірақ бұрынғыша оқу мен жұмыс істеу үшін ыңғайлы орын болып қала береді.

Жаңартылған кітапхананың ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов бұл мекеме отбасылық құндылықтар мен отбасылық демалысты ілгерілету мен дәріптеуге зор мүмкіндік болып табылатынын атап өтті. Қала басшысы тұрақты келушілерге арналған бонустық жүйемен, сондай-ақ кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасымен және алдағы іс-шаралар күнтізбесімен танысты. Сонымен қатар, кітапхана жанынан ашылған «Шахмат» үйінде аралап көрді.

Кітапхана жұмысымен танысу барысында аталған мекеме ұжымы қала әкіміне отбасылық абонементін тарту етті. Ал, шаһар басшысы ізгі ниетке алғыс ретінде кітапханаға өз атынан бірнеше кітап сыйға тартты.

Айта кетейік, келушілерге отбасылық психология және бизнесті жүргізу бойынша тақырыптық секциялар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, тұрақты оқырмандарға Шымкент қаласының мәдениет басқармасы өткізетін ойын-сауық іс-шараларына, спектакльдерге тегін билеттер ұсынылатын болады.

Жоба авторлары, алматылық «Креативті бюро» командасы әр түрлі жас топтағы келушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, жаңғыртылған кітапхананың дизайны мен интерьеріне үлкен мән берген.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Шымкентте жаңа мектеп ашылды

Next Post

Мемлекет басшысы: Наурыз - елді еңбекке жұмылдырып, ырысымызды молайтатын мереке

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі