basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік жас кәсіпкер мемлекеттік қолдаудың арқасында ағаш шеберханасын ашқан

Наурыз 26, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік жас кәсіпкер мемлекеттік қолдаудың арқасында ағаш шеберханасын ашқан
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шағын және орта бизнесті дамытуда мемлекеттік бағдарламалардың көмегі зор. Осы бағдарламалар арқасында бүгінде өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгелеткендердің саны артып келеді. Солардың бірі –  Шымкент қаласының тұрғыны Бекжан Ерназаров. Жасы 32-де.

Ол былтырғы жылдың шілде айында «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздері жобасымен оқып, сертификат алып, қайтарымсыз мемлекеттік грантқа құжат өткізген. Нәтижесінде бизнес жобасын сәтті қорғап, қыркүйек айында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде грантқа ие болды.

Жас шебер қазіргі таңда сандық шеберханасын ашып, тапсырысқа заманауи үлгіде түрлі ою-өрнектелген сандықтарды, қыз-жасау және т.б заттарды жасауды қолға алған. Бекжан бұл шеберлікті өзі үйренген.

«Өзіме ұнайтын іспен айналысып, тапсырыс жасаушылардың көңілінен шығуға тырысамын. Әр қазақтың үйінде осындай  ою-өрнегі бар сандықтардың болуы керек» дейді жас кәсіпкер. Алдағы уақытта өз ісін дамытып, сапалы жиһаздарды жасауды да жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Шымкент қаласында өткен жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5 мыңнан астам азаматтың әрқайсысы 200 айлық есептік көрсеткішті құрайтын қаржылай қолдауға ие болған. Мемлекеттік грант негізінде қайтарымсыз қаражат алған қала тұрғындары өз істерін бастап отыр. Олар көбінесе тігін, қолөнер шеберханасы, кондитерлік өнімдер әзірлеу мен мал шаруашылығына таңдау білдірген.

 

 

Tags: 3 мегаполисБекжан Ерназаровсандық жасаушымкент
Previous Post

Шымкентте қайтарымсыз грантқа өтініштер телеграм-бот арқылы қабылданады

Next Post

Шымкенттегі балалар ауруханасында оңалту бөлімшесі ашылды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі