Шымкент қаласында балалар арасындағы күрделі ауруларды ерте оңалтудан өткізу үшін қалалық клиникалық балалар ауруханасында екінші кезеңдегі оңалту бөлімшесі ашылды. Бөлімше 20 орынға лайықталған.
Бөлімшенің артықшылығы – науқастар ауруханадан емделіп шыққаннан кейін 14 күн өте емханаға барып, портал арқылы оңалту емін алуға мүмкіндіктері бар. Мұнда бейінді мамандар емдік шараларын жүргізеді. Сондай-ақ диагностикалық тексеру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті аспаптық лабораториялық зерттеулер, катамнез кабинеті, травматологиялық жарақат алғандарды қалпына келтіру үшін соңғы үлгідегі аппараттар орнатылған.
Оңалту бөлімшесінде орталық нерв жүйесі зақымданған үш жасқа дейінгі балаларды неонатолог, невролог, травмотолог, ортопед мамандары емдейді. Жалпы оңалту бөлімшесі неврология нейрохирургия, травмотология, ортопедия, кардиология, кардиохирургия, пульмонология, психолог, логопед бейіні бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар, ковидпен, өкпе және мульти жуйелі қабыну синдромы диагнозымен ем қабылдаған науқас балаларды қалпына келу емі жүргізіліп, онлайн түрде республикалық мамандардың кеңесі беріледі.
Бөлімшеде медицина мамандары ем шараларын дәрі-дәрмекпен катар физиоем, кинезотерапия, монтессори әдісі бойынша оңалту шараларын жүргізеді.