basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік өрт сөндіруші анимациялық мультфильм шығаруда

Наурыз 29, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік өрт сөндіруші анимациялық мультфильм шығаруда
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі заманда өмірге қауіп төндіретін жағдайға тап болу өте жиі кездеседі. Олардың ішінде балалардың балалығымен өрттің шығуы жиі орын алып жатады. Сондықтан балаға өз іс-әрекеттерін түсіне бастаған шақта  өрт қауіпсіздігі жайында және жану жағдайы кезінде өзін ұстау ережелерін үйреткен жөн.

Осындай жағдайлардың орын алмауы үшін Шымкент қалалық ТЖД Қаратау аудандық бөлімінің басшысы Е.Тасқараев балаларға арнап анимациялық мультфильм шығаруды қолға алды. Жоба авторы Еркебұлан Тасқараев «Бебеу» деп аталатын туындыны Азаматтық қорғаныс саласының 25 жылдығына арнап отыр.

Анимациялық туындыда өрт сөндірушілердің күнделікті өмірі көрініс тапқан. Мысалы, «Бебеу» де әкесі сияқты өрт сөндіруші болғысы келіп, бір күні әкесінің жұмысына барады. Бірақ әкесі оның әлі жас екенін айтып, үйіне қайтарады. Қайтар жолда Бебеу түрлі оқиғаларға тап болған адамдарға көмектеседі. Осы арқылы біз өрт сөндірушілердің қызметін көрсеткіміз келді дейді Еркебұлан.

Еркебұлан Тасқараев Төтенше жағдайлар қызметі саласында 2010 жылдан бері еңбек етіп келеді. Оның бүлдіршіндерге арнап жазған әңгімесі әуелі комикс кітапша ретінде жарық көрді. Кейін тақырып ауқымы кеңейіп, өзекті жобаға айналып отыр. Ол өткен жылы анимациялық студиядағы мамандармен бірлесіп, туындының трейлерін шығарды. Трейллер ретінде танылған «Бебеудің» толықметражды мультфильм болатын күні де алыс емес. Автор  қызмет барысында ерлікпен қаза болған әріптестерінің өмірін көрсету үшін жобаны келешекте сериалға айналдыруды жоспарлап отыр.

 

Tags: 3 мегаполисанимациямултьфильмшымкентөрт сөндіруші
Previous Post

Шымкент: Еңбекші ауданында сенбілік кезінде 5 мың текше метрге жуық қоқыс шығарылды

Next Post

Шымкент : Д.Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы қала әкімінің бақылауында

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі