basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте инвестициялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетіледі

Сәуір 5, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте инвестициялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетіледі
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың құрылыс алаңдарын аралау барысында Шымкент Сити шағын ауданына барды. Әкім аталған шағын аудандағы «Shymkent «ӘКК» АҚ-мен іске асырылып жатқан «Элит Строй Компани» ЖШС және «Damdes Құрылыс Инвест» мердігерлерінің салып жатқан тұрғын үй кешендерінің құрылыс алаңында болды.

Онда 60 мың шаршы метрді құрайтын 784 пәтердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Үйлер жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, әкім «Shymkent «ӘКК» АҚ-ның қаладағы девелопмент секторын (тұрғын-үй кешендері, сауда орталықтары) дамыту мақсатында атқарып жатқан жұмыс барысы мен жоспарларын тыңдады.  Басқарма төрағасы Б.Канкиннің айтуы бойынша ӘКК-ның инвестициялық қоржыны тұрғын-үй кешенін салу құрылысы саласында жалпы инвестиция сомасы 400 млрд теңге болатын 2025 жылға дейін 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға бере отырып, 14 жобаны қамтиды.

Сондай-ақ, қалада СО мен жатақханаға да сұраныс бар екенін жеткізді. Осыған байланысты ӘКК инвесторларды тарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде. Қазіргі уақытта 17 әлеуетті инвестор аз қабатты тұрғын үйлер, сауда орталықтарын және жатақхана құрылысы жобаларын жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр. Бұл жобалардың инвестициялық қаржысы 200 млрд.теңгені құрайды.

Өз кезегінде қала әкімі инвесторларды осы бағытта белсенділік танытуға шақырды және инвестициялық жобаларды іске асыру барысында қандай да бір мәселелер туындаса әрбір кәсіпкерді жеке тыңдауға және жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Tags: 3 мегаполисинвестициякәсіпкерлікМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

«Шымкент – жасыл қала» шарасы өтті

Next Post

Шымкент әкімі ауруханалардың жағдайымен танысты

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі