basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент әкімі ауруханалардың жағдайымен танысты

Сәуір 5, 2021
in Uncategorized
0
Шымкент әкімі ауруханалардың жағдайымен танысты
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар ауруханаларды аралап, жай-күйімен танысты. Алдымен Асар шағын ауданында орналасқан қалалық клиникалық балалар ауруханасына барды.

Медициналық мекеме эпидемиялогиялық  жағдай ушықса 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдауға дайын. Бұл үшін ауруханада  60 төсек орынға дайындалған  жұқпалы аурулар бөлімшесі ашылды. Инфекцияға шалдыққан балаларды емдеу үшін ауруханада медицина мамандары жеткілікті. Сондай-ақ емдеу мекемесі заманауи техникалық  құрылғылармен жабдықталған.

Инфекциялық ауруға шалдыққан балаларды ауруханада қабылдау үшін арнайы жоспар дайындалған. Мұндай науқас балалар бөлек бокстарда қабылданып, емдеу шаралары тиісті тәртіппен жүргізіледі.

Айта кетейік «Асар»  шағын ауданындағы балалар ауруханасында былтыр көпбейінді провизорлық орталық ашылған болатын. Мұнда инфекцияға шалдыққан 100-ден аса бала дертінен сауығып шықты.

Шаһар басшысы кейіннен Нұрсаттағы перинаталдық орталықты аралады.

Шымкент қаласындағы перинаталдық орталық коронавируске шалдыққан жүкті әйелдерді қабылдайды. Бұл үшін орталықта 30 орынға лайықталған провизорлық бөлімше ашылды.

Ауру өршіген жағдайда мұндағы  дәрігерлер инфекцияға шалдыққан жүкті әйелдерді қабылдап, медициналық көмек көрсететін болады. Орталықтағы провизорлық бөлімше 100 пайыз оттегі нүктесі мен ИВЛ аппараттарымен  жабдықталған.

Коронавируске шалдыққан жүкті әйелдерді емдеу үшін орталықтағы 200-ден аса медицина маманы арнайы оқытудан өтіп, біліктілігін арттырды. Орталықтағы қабылдау бөлімінің мамандары эпидемияға байланысты науқастарды таза және лас аймақтар  бойынша қабылдап, арнайы тәртіппен медициналық көмек көрсетеді.

Қала әкімі өткен жылдағы қателіктерді болдырмау үшін барынша дайындықты күшейте түсу керектігі жөнінде сала басшысына тапсырма берді.

«Медицина саласы қателікті кешірмейтін, адам өмірімен тікелей байланысты сала. Сондықтан ауруханалар мен емханалардағы әрбір жағдай қатаң бақылауға алынсын» деді Мұрат Әйтенов.

Tags: 3 мегаполисауруханалармедицинаМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте инвестициялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетіледі

Next Post

Шымкент әкімі дәрі-дәрмекпен қамту мәселесін қатаң бақылауға алды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі