basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте эпизоотиялық іс-шаралар басталды

Сәуір 9, 2021
in Қоғам
0
Шымкентте эпизоотиялық іс-шаралар басталды
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында жыл сайынғы жануарлардың аса жұқпалы ауруларына қарсы іс-шаралар басталды. Биыл эпизоотияға қарсы іс-шараларға мемлекет тарапынан 123 654,5 мың теңге қаржы қаралған. Жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруға қарсы профилактикалық егу жұмыстары жүргізілуде.

Эпизоотия – белгілі бір аумақтың шегінде бір мезгілде уақыт пен кеңістікте дамитын, белгілі бір аймақтағы ауруға шалдығу деңгейінің әдеттегі санынан айтарлықтай асатын, бір немесе бірнеше түрдегі ауылшаруашылық малдарының арасындағы инфекциялық аурулардың таралуы.

Аталған жұмыстарға «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның 70-ке жуық маманы жұмылдырылып, бүгінгі таңда 34 000 бас ірі және ұсақ малдардан бруцеллез аурына қан сынамалары алынып, диагностикалық зерттеуге өңірлік зертханаға жолданды.

Бұдан бөлек, құтыру ауруына қарсы 10650 бас ит-мысықтарға, сібір жарасы ауруына қарсы 33000 бас, аусыл аурына қарсы 43750 бас  ірі және ұсақ малдарға, сонымен бірге құс тұмауына қарсы 75500 бас үй құстарына екпе егілді.

Айта кетейік, бұл іс-шаралар ауыл шаруашылығы жануарларына мемлекеттік бюджет есебінен тегін жүргізіледі. Белгіленген кестеге сәйкес маусымдық іс-шаралар  жалғасуда.

Tags: 3 мегаполисветеринарияшымкентэпизоотиялық
Previous Post

Шымкентте 40 мектеп жеке инвестор есебінен салынады

Next Post

Шымкентте солтүстік өңірлеріне қоныс аудару бағдарламасының шарттары түсіндірілді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі