basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкентте солтүстік өңірлеріне қоныс аудару бағдарламасының шарттары түсіндірілді

Сәуір 9, 2021
in Билік
0
Шымкентте солтүстік өңірлеріне қоныс аудару бағдарламасының шарттары түсіндірілді
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығында Солтүстік өңірлерінің өкілдері көпбалалы аналарға қоныс аудару бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Алыстан келген қонақтардың қатарында Екібастұз қаласы, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының жұмыспен қамту мекемелерінің өкілдері болды. Солтүстік өңірлерде халық саны аз, жұмыс күші тапшы және тұрғын үй мәселесі шешімін тапқан.

Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген аудан әкімдік, жұмыспен қамту мекемелері мамандары биыл оңтүстіктен қоныс аударған әр отбасы мүшесіне 204 мың теңгеден, көшіп жайғасу үшін бір реттік қаржы берілетінін айтты. Мысалы, 4 баласы бар отбасы қоныс аударса 1 млн 225 мың теңге беріледі. Оған қоса, бір жыл бойы үй жалдауға және коммуналдық шығындарға әр отбасыға ауылдық жерлерде 61 мың, қалалық жерде  87 мың теңге ұсынылады.

Павлодарда қоныс аударушыларға арнап 307 пәтер салынған, қазір 200 пәтер өз иесін күтуде. Өз кәсібін бастағысы келген азаматтарға гранттар беріледі.

– «Серпін» бағдарламасымен солтүстікте білім аламын деуші жастарға да тегін оқу гранттары ұсынылады. Тегін жатақхана, жылына екі рет жол қаражаты, 2 мезгіл тамақ, тіпті киімге дейін беріледі, – деді Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлім басшысы Меруерт Есембаева.

Tags: 3 мегаполис«SHANYRAQ»солтүстік облыстаршымкент
Previous Post

Шымкентте эпизоотиялық іс-шаралар басталды

Next Post

Шымкентте 324 көше мен 1 шағынауданға атау берілді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі