basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте қолөнер шебері қайтарымсыз гранттың көмегімен жеке кәсібін ашты

Сәуір 12, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте қолөнер шебері қайтарымсыз гранттың көмегімен жеке кәсібін ашты
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының тұрғыны Диана Жайлаубаева кесте тігу өнерін жетік меңгерген қолөнер шебері. Ісмер ұлттық нақыш пен заманауи үлгіде қолөнер бұйымдарын әзірлеп, кесте тігеді және ою-өрнектерімен әшекелейді. Осы уақытқа дейін бас киім, сөмкелер және тағы да басқа дүниелерін әлеуметтік желі парақшасы арқылы ұсынып келген. Өз кәсібін одан әрі дамыту мақсатында ол мемлекеттің қолдауына жүгінді.

Ісмер қалалық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, қосымша «Бастау бизнес» оқу курсын тәмамдайды. «Қолөнер бұйымдарын жасау ісі» бойынша қайтарымсыз грантқа өтінімін білдіріп, комиссияның шешімімен құжаттары мақұлданған. Нәтижесінде 200 АЕК(555 650 тг) көлемінде мемлекеттік грант жеңіп алды.

Д. Жайлаубаева «Еңбек» бағдарламасы бойынша берілген қайтарымсыз грант қаражатына тігін машиналары, манекендер мен тағы да басқа қажетті материалдарды сатып алып, қолөнер студиясын ашқан. Қазіргі таңда бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр. Үш баланың анасы бұл жетістігімен шектелмей, алдағы уақытта қолөнер шеберханасын дамыту жоспарлары көп екендігін айтады.

Tags: 3 мегаполисмемлекеттік грантМұрат Әйтеновшымкентқол өнер
Previous Post

Шымкентте 106 көпбалалы ана тұрғын үйге қол жеткізді

Next Post

Шымкентте 100-ден астам көпбалалы отбасы баспаналы болады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі