basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 106 көпбалалы ана тұрғын үйге қол жеткізді

Сәуір 12, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 106 көпбалалы ана тұрғын үйге қол жеткізді
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының жол картасына сәйкес «Бақытты отбасы» партиялық жобасы бойынша Шымкенттегі көп балалы аналармен кездесу өтті.

Ағымдағы жылдың наурыз айында қаламыздағы бір топ көпбалалы аналардың әлеуметтік желідегі жанайқайы бойынша қалалық партиялық бақылау комиссиясының  мүшелері тарапынан арнайы кездесу өткізіліп, мән жайы анықталды.

Комиссия тарапынан тұрғын үй басқармасына үстіміздегі жылдың наурыз айының соңына дейін қажетті құжаттарды жинақтап, сәуір айының басында кезекте тұрған көп балалы аналарға тұрғын үй беру мүмкіндігі қарастырыу туралы ұсыныс берілді.

Шымкентте 2021 жылдың соңына дейін кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін 1 580 пәтер сатып алу жоспарланған. Пәтер сатып алуға 22,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Нарықтағы жеке құрылыс салушылардың тізімі анықталып, талдау жұмыстары жүргізілуде.

Міне, осының нәтижесінде 106 көп балалы аналар тұрғын үйге бүгінгі күні қол жеткізіп отыр.

Қуаныштары қойныма сыймай, пәтер кілтін алған бір топ көп балалы ана қалалық партия филиалына алғысын жаудырып келді. «Nur Otan» партиясына ризашылықтарын білдіріп, партияға кіруге ниетті екендерін де жеткізді.

Әрбір еңбектің осындай баға жетпес жемісі адамды бақытқа бөлейді.

Халықтың әлеуметтік мәселесі сайлауалды бағдарламада көзделгендей «Nur Otan» партиясының ұдайы бақылауында!!!

Еліміздің демографиялық саясатына үлес қосып отырған ардақты аналарға әрдайым шаңырақтарыңыз биік, отбасыларыңыз аман, балаларымыз берекелі де дәулетті, еліміз тыныш болсын, дейміз!

Previous Post

Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен 6500-ға жуық адам баспаналы болған

Next Post

Шымкентте қолөнер шебері қайтарымсыз гранттың көмегімен жеке кәсібін ашты

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі