basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен 6500-ға жуық адам баспаналы болған

Сәуір 12, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен 6500-ға жуық адам баспаналы болған
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында 2019 жылдың желтоқсан айынан бері тұрғын үй кезегіне тіркеу автоматтандырылған жүйеде жүзеге асып келеді. Нәтижесінде тіркеуде тұрған азаматтар жөнінде ақпарат жүйесінің базасы қалыптасты.

2020 жылдың қорытындысы бойынша қалада тұрғын үй кезегіне жалпы 42 094 азамат тіркелген. Оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылар, «Алтын» және «Күміс» алқа иелері, «Батыр ана» наградасы иелері, әлеуметтік әлсіз топтар мен өзге статустағы азаматтар бар .

Қала халқын тұрғын үймен қамтуда мемлекеттік бағдарламалардың үлесі мол. Атап айтқанда, «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында соңғы 3 жылда 6 497 азамат баспаналы болған. Несиелік негізде 3209 адам пәтерлі болса, 2384 азамат азамат жалдамалы пәтермен қамтылған. «Жастар» бағдарламасы бойынша 904 жасқа пәтер кілті үлестірілген.

2021 жылы сатып алу құқығынсыз 976 пәтер кілтін үлестіру жоспарланып отыр. Оның ішінде 300 пәтер «Жастар» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жүрген жастарға, көпбалалы отбасыларға 378 пәтер, ал, 298 пәтер кілтін әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға табыстау көзделген.

Сонымен қатар, тұрғын кезегіне тұрған азаматтарға 2021-2023 жылдары 2835 пәтерді үлестіру жоспарланып отыр.

Tags: 3 мегаполисбаспанаНұрлы жертұрғын үйшымкент
Previous Post

Шымкентте ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Next Post

Шымкентте 106 көпбалалы ана тұрғын үйге қол жеткізді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі