basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Бастауыш ұйым – партия негізі

Сәуір 19, 2021
in Cаясат
0
Бастауыш ұйым – партия негізі
0
SHARES
31
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси Кеңесі Бюросының қаулысына сәйкес бүгіннен бастап қаламыздағы бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары өтуде.

Бүгін  1300-ден астам партия мүшесін біріктіріп отырған «Білім және Ғылым» бастауыш партия ұйымында есептік-сайлау жиналысы өтті. Қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн форматта өткізілген жиналыс барысында «Білім және Ғылым» бастауыш партия ұйымының 2019 –  2020 жылдары атқарылған жұмыстарының есебі туралы Мәжінбеков Сәкен Аралбайұлы баяндама жасады.

2019-2020 жылдары «Білім және Ғылым» бастауыш партия ұйымының партиялық жиналыстары, саяси Кеңес Бюросының мәжілістері жоғары деңгейде өткізілген.

Бастауыш партия ұйымының ұйымдастырған қоғамдық-саяси жұмыстар партияның  бағдарламасына сәйкес және  Партия  төрағасы  Н.Ә.Назарбаевтың партияға  жүктеген  міндеттері  негізге алынып, партиялық жобалар аясында атқарылып келеді.

Өткен 2019-2020 жылдары  жалпы саны 83 іс – шара ұйымдастырылды. Олардың ішінде партияның идеологиясын, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салихалы саясатын насихаттау мақсатында 42 партиялық жиналыстар, 17 кездесу, 2 дөңгелек үстел, 7 мерекелік іс-шара, 3 конференция, 12 жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы жиналыстармен дөңгелек үстелдер, — сенбілік және түрлі тақырыптағы отырыстар өткізілген.

Соның ішінде  республикалық деңгейде «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Жолдағы қабылдау», «Әділет кеңес береді», «Жастар кадрлық резерві» акциялары мен биылғы мектеп бітірушілердің ата – аналарын психологиялық көмек көрсету мақсатындағы ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Nur Otan» партиясы, Отбасылық Тәрбиелеу Институты бірігіп өткізген Бірыңғай Республикалық ата – аналар жиналыстары өткізілді.

Атқарылған барлық іс–шаралар әлеуметтік саяси, мәдени – спорттық, әдістемелік – ұйымдастырушылық, тәрбиелік және экологиялық тағы басқа бағыттарды қамтитын жоспарға орай ұйымдастырылған.

«Білім және Ғылым» бастауыш партия ұйымы алдағы уақытта да барлық шараларды өз уақытында және сапалы  өткізіліп отыратын болады.

Сонымен қатар, БПҰ жиналысы барысында бастауыш партия ұйымының Саяси кеңесі бюро құрамы жаңартылып, 2021 жылдың 28 сәуір күні өтетін «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының конференциясына делегаттар сайланды.

Tags: 3 мегаполис«Nur Otan» партиясыМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Мұрат Әйтенов: Терең өндірісті күшейткен жағдайда ғана қала экономикасы дамиды

Next Post

Шымкент : Елдімекен тұрғындары толық газбен қамтылатын болады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі