basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мұрат Әйтенов: Терең өндірісті күшейткен жағдайда ғана қала экономикасы дамиды

Сәуір 19, 2021
in Жаңалықтар
0
Мұрат Әйтенов: Терең өндірісті күшейткен жағдайда ғана қала экономикасы дамиды
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемі 36,5 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 103,1 % немесе 1,1 млн АҚШ долларына артты. Ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға 2,9 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен есепті кезеңмен салыстырғанда 2,6 %-ға көбейіп отыр.

2021 жылы агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдауға жергілікті және жоғары тұрған бюджеттерден 3,5 млрд теңге субсидия бөлінді. Оның ішінде есепті кезеңге қаралған 253,3 млн теңге 100 % игерілді.

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 2020 жылмен салыстырғанда 1,4 мың га артып, 29,3 мың га егіледі. Нәтижесінде, 71,7 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ірі мүйізді қара малдың саны 1,6 %, жылқы 0,5 %, құс 25,3 % артқан, ал қой мен ешкі саны 16,3%-ға төмендеген. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ұлғайған: ет (тірі салмақта) 2,8 мың тонна, сиыр сүті 8,8 мың тонна, жұмыртқа 40,7 млн дананы құрады.

Қала әкімі шаһарда ет, сүт, құс шаруашылығын және терең өндірісті дамытудың маңыздылығына тоқталды. -Терең өндірісті күшейткен жағдайда ғана қала экономикасы дамиды. Шымкент тоғыз жолдың торабында. Көршілес аймақтарда өсірілетін өнімдерді терең өңдеу – басты бағыт.

Шаһар басшысы кіші шаруашылықтарды көптеп ашуды қолға алу қажеттігін және «Егіс даласынан дүкен сөресіне дейін» атты Президент тапсырмасына сай, әлеуметтік дүкендердің санын көбейту керектігін тапсырды. Бұл бағытта ірі маркеттерде «Шымкент өнімдері» деген арнайы бұрыштарды ашуды қолға алу қажет.

 

Tags: 3 мегаполисМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте төтенше жағдайлар департаментінің 150-ден аса қызметкері екпе алды

Next Post

Бастауыш ұйым – партия негізі

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі