basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Ashyq» пилоттық жобасы жүзеге асырылмақ

Сәуір 21, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Ashyq» пилоттық жобасы жүзеге асырылмақ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлім болды.

– Осы жылдың 1 сәуірінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Ashyq» жобасын республика шеңберінде кеңейту туралы тапсырма берді. Бүгінде аталған жобаға елімізде Шымкенттен бөлек, бірнеше өңір қосылып отыр. Бұл «Ashyq» жобасы – қоғамдық орындарға келушілерді тіркеу қосымшасы, ал мақсаты – пандемия жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Яғни, келуші қоғамдық орынға кірерде QR-кодты сканерлеп, өзінің статусын анықтайды. Ал оларға статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Сovid-19 инфекциясын бақылау орталығының ақпараттық жүйені салыстыруы негізінде тағайындалады, – деді Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев .

Нұрлан Орынбасарұлының айтуынша, нысанға келушінің статусын анықтау кезінде «қызыл» түс – ПТР тестін тапсырғаннан кейінгі оң нәтиженің көрсеткіші. Ол адамның үйде оқшаулану режимін қатаң ұстануы керектігін білдіреді. Ал «сары» түс науқаспен байланыста болғанын көрсетеді. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат. Сонымен қатар «көк» түстілер ПТР тестін тапсыру міндеттелген орындардан басқа барлық жерге баруына болады. Ал «жасыл» түс қалада жүріп-тұруға толық рұқсат екенін көрсетеді.

Сондай-ақ, спикер «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру кезең-кезеңмен жүргізілетінін жеткізді.

– Жобаны қаладағы йога орталықтарын қоса алғанда фитнес-клубтар, спа орталықтары мен бассейндер жүзеге асырады. Сондай-ақ, «PlayStation», яғни, компьютерлік және боулинг клубтары да қаулыға сәйкес қызмет етеді. Ал бірінші кезең бойынша 14 сәуірден бастап кинотеатр, театр, филармониялар және қоғамдық тамақтандыру нысандары мен ерікті қатысушылар қаулы негізінде жұмыс істеуге көшкен. Бұл ретте 21 сәуірден басталатын екінші кезеңде облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар, бильярд клубтары мен концерт залдары жоба аясында қызмет ете бастайды. Ал 5 мамырдан бастап караокелер мен «жасыл» аймақтағы банкет залдары қаулыға сәйкес жұмыс істейді, – деді ол.

Брифинг барысында Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов жоба аясында карантиндік талаптарды бұзған тұлғаларға ескерту беріліп, егер қайталанса, 30 АЕК көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынатынын айтты. Ал Шымкент қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков аталған жоба шағын және орта бизнес иелеріне қолдау екенін тілге тиек етті.

Баспасөз мәжілісінде белгілі болғандай, «Ashyq» бағдарламасына қатысушы кәсіпкерлер үшін QR-кодты алу ережесі өзгерген. Ол бойынша бизнес иелері «infokazakhstan.kz» сайтында өтініш беруі қажет. Сонымен қатар қоғамдық тамақтану орындары және кинотеатрлардың иелері, ең алдымен, өтінішті салалық қауымдастыққа жолдайды. Содан соң, «infokazakhstan.kz» сайтынан QR-код алады.

Айта кетейік, жобаны енгізуді жеңілдету үшін Telegram мессенджерінде @support_ashyq_bot техникалық қолдау қызметі іске қосылған. Ал сұрақтар бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінуге болады.

 

Tags: 3 мегаполисAshyq» жобасы –карантинпандемияшымкент
Previous Post

Шымкент : Қаратау ауданында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

Next Post

Шымкент: Азия чемпионатында жүлде алған балуандарға құрмет көрсетілді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі