basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Арендалық және кредиттік тұрғын үйді қалай алуға болады?

Мамыр 1, 2021
in Қоғам
0
Арендалық және кредиттік тұрғын үйді қалай алуға болады?
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі кезекті ақпаратымызда өздеріңізбен мемлекеттік тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз берілетін арендалық тұрғын үй мен оңай әрі жылдам түрдегі  ипотека аясында  баспаналы болудың тиімділігі жайлы сөз қозғауды жөн көрдік.

Жалпы сатып алу құқығынсыз берілетін арендалық үйдің мерзімдік шегі бар. Яғни азаматтар бірнеше жыл кезек күтіп алған баспанада 5 жыл мерзімде ғана тұрақтай алады. Бұл тұрғын үйге мұқтаж санаттағы азаматтарға мемлекеттен берілетін бір реттік мүмкіндікті қолдау болып табылады. Сатып алу құқығынсыз арендалық үймен қамтамасыз етілген азамат осы аралықта өзін жеке иеліктегі баспанамен қамтуы қажет. Әйтпесе, 5 жыл мерзім өткен соң қайта  пәтер жағалауына  тура келуі мүмкін.

Осы орайда кредиттік тұрғын үй алудың бағыттары мен бағдарламалары ауқымды мүмкіндікке ие. Қазіргі таңда  «Отбасы банкі»  мен екінші деңгейлі банктер әкімдік тарапынан кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін арнайы жобалардың талаптары мен шарттарын мейлінше жеңілдетіп отыр.

Мәселен «Бақытты отбасы» бағдарламасына  «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар; толық емес отбасылар; мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар санатындағы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар кезегімен баспаналы бола алады. Ол үшін отбасының әрбір мүшесіне шаққанда айына заңнамада белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен аспайтын табысын  (2021 жылға-34 302 теңге) растау арқылы  бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін  жабу үшін берілетін тұрғын үй сертификатын пайдалану мүмкіндігі де қарастырылған.

Тіпті аталған бағдарламаға қатысу өтініміне құжаттарды үйден шықпай ақ  интернет ресурсы арқылы жібере аласыз.  Сонымен қатар  қатысушы азаматтар жылдық мөлшері 2 пайыздан аспайтын жаңа және екінші нарықтағы үйлерді де сатып алуларына әбден болады.

Осылайша артық шығынсыз және алтын уақыттың текке кетпеуі арқылы тұрғын үй  мәселеңіз біржолата  шешімін табады.

Tags: 3 мегаполиснесиеліктұрғын үйшымкент
Previous Post

Шымкент : Әлеуметтік мекемелерде арнаулы қызмет көрсетуге 236 жолдама берілді

Next Post

Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар саны 44 мыңға жуық

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі