basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар саны 44 мыңға жуық

Мамыр 1, 2021
in Билік
0
Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар саны 44 мыңға жуық
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар саны 44 мыңға жуық. Биылғы жылдың 1-тоқсанғы қорытындысы бойынша  2796 азамат жаңадан тұрғын үй кезегіне тіркелген. Демек, әр айда 932 адамның кезекке тіркелгені байқалады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артқан. Қазіргі таңда азаматтардың баспана мәселесін шешу мақсатында оларды кезек ретімен және жеңілдетілген несиелер арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй қорын жаңғырту жұмыстары басым бағытта жүргізілуде. Қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін мегаполисте тұрғын үй құрылысы да қарқынды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес  тұрғын үй құрылысын 1 млн шаршы метрге жеткізу көзделген.

Алайда, кезектен тыс пәтер беруді талап еткен азаматшалардың әкімдік ғимараты алдында кезекті рет наразылық шаралары өтті. Оларды қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков қабылдады. Қала басшысының орынбасары әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй белгіленген тәртіппен кезек арқылы берілетіндігін және азаматтардың жекеленген өзекті сауалдарына қатысты заң аясында шешу жолдарын түсіндірді.

– Кезекте тұрған әр азаматқа өз кезегі бойынша пәтер үлестіріледі. Тұрғын үй кезегі автоматтандырылған.

Бұл орайда сіздер тұрғын үй кезектеріңізді тәулік бойы кез келген уақытта e-gov электрондық порталы арқылы үнемі бақылап отыра аласыздар,-деді Ерғали Дәулетбекұлы.

Шымкент қаласында биыл 976 отбасын арендалық пәтермен қамту жоспарланған. Жыл соңына дейін кезекте тұрған азаматтарды тұрғынжаймен қамтамасыз ету үшін 1 580 пәтер сатып алу көзделуде. Сондай-ақ жыл басынан бері «5-20-25», «5-10-20» Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 256 азамат баспаналы болған. Ал, «7-20-25» бағдарламасымен биыл екінші деңгейлі банктер тарапынан 613 азамат  несиелендіріліп, тұрғын үймен қамтылды.

Tags: 3 мегаполисЕрғали Білісбековтұрғын үйшымкент
Previous Post

Арендалық және кредиттік тұрғын үйді қалай алуға болады?

Next Post

Шымкент : Атаулы әлеуметтік көмекке өтінішті онлайн тапсырушылар қатары артты

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі