basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент : Атаулы әлеуметтік көмекке өтінішті онлайн тапсырушылар қатары артты

Мамыр 1, 2021
in Билік
0
Шымкент : Атаулы әлеуметтік көмекке өтінішті онлайн тапсырушылар қатары артты
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сәуір айының басынан атаулы әлеуметтік көмекке өтініштер электрондық үкімет порталы арқылы онлайн форматта қабылдануда.  Шымкентте АӘК-ге құжатты онлайн рәсімдеуге жүгінгендер қатары көбейген. Қалалық жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, бүгінгі күнге жаңадан келіп түскен 19 408 өтініштің 6704-і электрондық үкімет порталы арқылы тапсырылған. Бұл – небәрі 1 ай ішіндегі көрсеткіш.

Аз қамтылған азаматтар мен көпбалалы отбасылар құжаттарын Egov.kz сайты арқылы тапсыра алады. Өтініштерін қашықтан тапсырулары үшін электронды цифрлық қолтаңбалары (ЭЦҚ) болуы керек. Бұл тұрғындарға өте ыңғайлы әрі орталыққа келіп әуре болмайды.

Жалпы, атаулы әлеуметтік көмек – бұл мемлекеттен уақытша қаржылай қолдау. Демек, табысы төмен азаматтарға төленеді. Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек екі санатқа бөлінеді: шартсыз және шартты. Шартсыз алушылар – бұл еңбекке қабілетті отбасы мүшелері жоқ отбасылар. Шартты санатына еңбекке қабілетті мүшелері бар отбасылар кіреді.

Көп жағдайда атаулы әлеуметтік көмекке жұмыс істеп жүрген азаматтар да өтініш тапсырады. Ондай жағдайда кіріс табысы ескеріліп, кедейшілік шегінің 70 пайызынан асқан жағдайда бас тартылады. Жұмыссыз жүрген азаматтарға қалалық жұмыспен қамту орталығы  тарапынан «Жұмыспен қамтудың»  белсенді шараларына қатысу ұсынылуда.

 

 

Tags: 3 мегаполисАӘКшымкентәлеуметтік көмек
Previous Post

Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар саны 44 мыңға жуық

Next Post

Шымкент : Қала әкімінің орынбасары азаматтарды тұрғын үй мәселелері бойынша қабылдады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі