basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте экспорт саласын дамыту бойынша жиын өтті

Мамыр 3, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте экспорт саласын дамыту бойынша жиын өтті
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы Экспорт жөніндегі кеңесте қала әкімінің орынбасары А.Сәттібаевтың төрағалығымен жиын өтті. Онлайн форматта өткен жиынға «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы және «Kazakh Export» экспорттық сақтандыру компаниясы, «Атамекен» ҰКП мен аудан әкімдері, Шымкент қаласының 35 ірі экспорттаушы кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Жиын барысында отандық өнімдер экспортын дамытудың кешенді ұлттық жүйесін іске асыру мәселелері мен көлік шығындарын өтеу, экспорттаушыларды қолдаудың өзге де жайы талқыланды. Сондай-ақ, жиында кәсіпкерлердің проблемалық мәселелері қаралды.

Жалпы қалада машина жасау, металлургия, тамақ өнімдерін өндіретін, жеңіл өнеркәсібінде, фармацевтика және құрылыс өнімдерін өндіру салаларында жұмыс істейтін 35 белсенді экспорттаушы компаниялар жұмыс істейді. Өткен жылы тауарлардың шикізаттық емес экспорт көлемі 352,5 млн. АҚШ долларын құрады.

Әкім орынбасары экспорттаушыларды қолдаудың мемлекеттік шараларын кеңейту және оларды бір терезеге шоғырландыру қала өндірушілеріне елеулі қолдау көрсететініне сенім білдірді. Бұл экспорттық желіні кеңейтіп, сыртқы нарықтардағы отандық өнім көлемін арттыратынын баса айтты.

Осы жылдың басынан «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығымен отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша өтінімдерді веб-портал арқылы қабылдауды жүзеге асыруда.

 

Tags: 3 мегаполисбизнесшымкентэкспорт
Previous Post

Шымкентте екі жылда 1 триллион теңге инвестиция тарту көзделуде

Next Post

Шымкенттік шаруалардың өнімдері Еліміздің шет аймақтарына да шығарылуда

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі